51 мың қазақстандық жалдамалы пәтерін жекешелендіре алады: Мәжіліс заң жобасын қабылдады

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде екінші оқылымда қабылданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат Ұлықбек Тұмашинов құжат аясында Отбасына банкіне жаңа құзырет берілетінін айтты.

«Президенттің тапсырмасы бойынша Отбасы банкін толыққанды даму институты етіп, азаматтарды есепке қою мен тұрғын үйлерді бөлуді орталықтандыруға бағытталған нормалар көзделген. «Тұрғын үймен қамту орталығы» жаңа электрондық мәліметтер базасын құру қөзделеді», — деді депутат.

Заң бойынша әкімдіктерден тұрғын үйді тіркеу, есепке алу және бөлу Отбасы банкінің құзыретіне беріледі. Нәтижесінде банктің мәліметтер базасында баспанаға мұқтаж адамдардың тізімі болады.

«Заң жобасында әскери қызметті атқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, сондай-ақ адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасын бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша норма енгізілген», — деді Ұлықбек Тұмашинов.

Құжатты барысында оған келесідей түзетулер енгізілді:

  1. Отбасы банкі екінші деңгейдегі банктер жүйесінде және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінде сақталып қалды. Сондай-ақ Отбасы банкінің қызметін лицензиялау да сақталады. Үкіметтің оң қорытындысы бар.
  2. Заң жобасына «сатып алу құқығынсыз» азаматтарға жалға берілген тұрғын үйлерді – енді «жекешелендіру құқығын беру» туралы ұсыныс енгізілді. Осы ұсыныс қолдау тапты. Бүгінде сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үйлер – халықтың әлеуметтік осал топтарына ғана беріледі. Бұл азаматтарға жалға берілетін баспананы жеке меншік ретінде қалдық құнымен алуға мүмкіндік береді. Жекешелендіру құқығын барлық өңірдегі 51 мың қазақстандық (әлеуметтік осал топтағы) пайдалана алады.
  3. Жалғыз баспанасы «апатты тұрғын үй» деп танылған үйдің орнына берілген тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беру енгізіліп отыр. Ұсыныс қолдау тапты. Ол 1600-ден аса азаматтың мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
  4. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 13-бабының 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрып жатқан үйлерді 11 санатқа «меншігіне өтеусіз алуға» қолданыстағы құқық сақталды. Депутаттардың түзетуіне Үкіметтің оң қорытындысы бар. 11 санат: соғыс ардагерлері, 1 және 2 топтағы мүгедектер, қызмет барысында қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері, ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтар және тағы басқа.
  5. Асыраушысынан айырылған адамдардың мүддесін қорғау үшін «жесірлер» санаты – жеке дербес санатқа бөлінді. Ол, халықтың әлеуметтік осал топтары тізіміне жаңа санат ретінде қосылды. Жесірлер – асырауында кәмелетке толмаған балалары бар және күндізгі бөлімде оқитын балалары бар (23 жасқа толғанға дейін).

Мәжіліс депутаттары заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Депутат Ұлықбек Тұмашинов заң аясында жалдамалы пәтерде тұрып жатқан 51 мың адам баспанасын жекешелендіре алатынын жеткізді.

«Тұрғын үйді жекешелендіру мүмкіндігі 2017 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы негізінде басталды. Сондықтан бүгінгі заң аясында сол пәтерде тұрып жатқан адамдарға пәтер жекешелендіруге беріледі. Бұрын ондай құқық болмаған. Халықта да сұрақ көп болды. Олар «Бізді шығарып жібермей ме? » деп алаңдады. Заң аясында ондай жағдай болмайды. Егер ол адамдар пәтерді жекешелендіре алмайтын жағдай болса да, тұрғын сол пәтерлерде тұра береді», — деді ол.

Депутат заң күшіне енген жағдайда, жалдамалы пәтерді Отбасы банкі арқылы жекешелендіруге болатынын атап өтті.

«Үйді жекешелендіру үшін қазақстандық сол пәтерде 5 жыл тұруы керек. Содан кейін жекешелендіре алады. Әрине, қалдық құнымен бірге. Қалдық құны дегенді түсіндірейін. Мысалы, 2017 жылы үй 8 млн теңге тұрса, (біраз жылдан соң) нарықтағы құны 16-17 млн теңге болуы мүмкін. Ал сіз сол пәтерде бастапқы бағасымен аласыз. Пәтердің тағы амортизациясы болады. Ол жылда азайтылып отырады. Осылайша, 8 млн теңге тұратын пәтердің құны 7 млн теңге болады. Бұл да көмек. Ал нарықта бұл пәтерлер 16-17 млн теңге тұрады», — деді Ұлықбек Тұмашинов.

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.

19 наурызға арналған ауа райы болжамы 

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы...

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.