Елімізде дәрі-дәрмек бағасы көтерілуі мүмкін бе?

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға осы жазда дәрі-дәрмек бағасының көтерілу ықтималдығы туралы сұрақ қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр былтыр дәрі-дәрмектің кейбір түрлері үшін баға 14 пайызға өскенін атап өтті. Биыл дәрі-дәрмек бағасын қосымша реттеудің екінші кезеңі жоспарланған.

«Мен қазір айтып отырған реттеудің екінші кезеңі, бұл — 1 767 атау, биылға жоспарланған. Бірақ бірінші жартыжылдықта бұл орындалмады, себебі талдауға кірістік. Қазір бұл талдау халыққа қолайлы болуы үшін жүргізіліп жатыр. Сондықтан бұл препараттарды бөлдік, бағаның көтерілуі қаншалықты сезілетініне байланысты әзірге кейінге қалдырып, оларды реттеу керек деп есептейміз», — деді Ақмарал Әлназарова үкімет брифингінде.

Одан әрі министр дәрі-дәрмек бағасының көтерілу ықтималдығы туралы екіұшты пікір берді.

«Бұл өте маңызды мәселе екенін түсінгендіктен, оны мұқият талдағанымыз дұрыс. Мен баға көтеріледі немесе көтерілмейді деп толық уәде (бере алмаймын — еск.)… Біз әлі талдауды аяқтаған жоқпыз, сондықтан ең дұрыс шешімді қабылдап, оны жүзеге асыруға тырысамыз деп ойлаймын», — деді Әлназарова.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.