Түрксіб станциясындағы ЖПб қызметкерлері азаматтардың құқығын қорғауда

Түрксіб станциясындағы ЖПб қызметкерлері азаматтардың құқығын қорғауда, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде тұрақты түрде қызмет көрсету учаскесінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтың жолын кесу бойынша алдын алу жұмысын ұдайы түрде жүргізіп отырады. Түрксіб станциясындағы ЖПб қызметкерлерімен пойыз бастығының актісі бойынша «Семей-Қызылорда» бағытындағы жолаушы пойызында келе жатқан азамат және оның жұбайы Түрксіб станциясынан пойыздан түсірілді.

Олар 35 және 38 жастағы Алматы қаласының тұрғындары екендігі анықталды. Өз әрекетімен аталған азамат пойыздың ішінде орта деңгейдегі масаң күйінде балағат сөздер айтып, пойыз жолаушыларының тыныштығын және қоғамдық тәртіпті бұзған. Аталған құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 440 бабы 1 бөлігі және 434 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып сотқа жолданды.

Түрксіб ст.ЖПб ӘПб инспекторы полиция лейтенанты Ә.Оңал

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...