12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мүгедектікті айқындаумен байланысты шешімдерге дау келтіру тәртібі және мерзімдері

        Әлеуметтік осал топтардың мәселелері әрқашан назарымызда.

     Осы себепті, тақырып төңірегінде Шымкент қаласының МАӘС судьясы Т.Қ.Үмбетовадан сұхбат алған едік.

     Сонымен, елімізде 2021 жылдың 1- шілдесінен бастап мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылып, өз қызметін атқарып жатқаны бәрімізге белгілі.

     Негізгі тақырыбымызға көшпес бұрын, әкімшілік соттарда қандай даулар қаралады, айтып өтсеңіз?
  • Ия. 2021 жылдың 1 шілдесінен елімізде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар (бұдан әрі – әкімшілік сот деп айтайық) сот төрелігін жүзеге асыруды бастады. Биыл, үш жыл толады. Осы әкімшілік соттың қызметімен тікелей байланысты 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енді. Кодекс әкімшілік органдар үшін әкімшілік рәсім жүргізу тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізудің тәртібі мен талаптарын айқындап, реттейді. Сұрағыңызға оралсақ, әкімшілік соттарда жария құқықтық қатынастардан туындайтын, билік ету сипатындағы әкімшілік актілерге, әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) дау келтірулер бойынша әкімшілік істер қаралады. Қарапайым тілмен айтқанда, әкімшілік сот — мемлекеттiк басқарудың сапасын, олардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiне «сот қадағалауының» арнайы тетiгi. Осы жерде әкімшілік талап қою тараптарының азаматтық талап қою тараптарынан айырмашылығын айтып өтсеңіз?
  • Ия. Әкімшілік талап қою азаматтық талап қоюлардан арнайы субъектісімен ерекшеленеді. Яғни, әкімшілік істер бойынша талап қоюшы – жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылады. Ал, жауапкер міндетті түрде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдауға, әкімшілік әрекет жасауға өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйымдар, мысалы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Самрұқ Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы болып табылады. Ал, жауапкер міндетті түрде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдауға, әкімшілік әрекет жасауға өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйымдар, мысалы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Самрұқ Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы болып табылады. Талап қою нысанасы мен негіздері – осы аталған органдардың әкімшілік рәсім жүргізу нәтижесімен байланысты әкімшілік әрекеттер (әрекетсіздіктер) немесе әкімшілік шешімдер. Енді сұхбат тақырыбына жақындайық. Әкімшілік сотта азаматтардың мүгедектік жағдайын айқындаумен байланысты даулар қарала ма? Ия. Әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын даулар салалық құқықтық қатынастарға сәйкес бірнеше санаттарға бөлінеді: жер, салық, еңбек, мемлекеттік қызмет көрсеті, тағы басқа. Бүгінгі оқырмандар назарына беретін ақпарат - азаматтардың мүгедектік жағдайын айқындаумен байланысты өкілетті органның шешімдеріне дау келтіру туралы талап қоюлар бойынша әкімшілік істер туралы болмақ. Мақсат – оқырмандарға осы санаттағы әкімшілік талап қоюларды рәсімдеу тәртібі мен сотқа беру мерзімдерін түсіндіру. Сонымен, азаматтардың мүгедектік жағдайын айқындаумен байланысты талап қоюлар қалай рәсімделеді? Жалпы әкімшілік талап қоюды рәсімдеу тәртібі ӘРПК-тің 131- бабында белгіленген. Біріншіден, талап қоюда соттың атауы көрсетіледі, одан әрі талап қоюшы мен жауапкер туралы барынша толық мәліметтер (хабар алысу үшін телефоны мен электрондық поштасын көрсету маңызды) көрсетіледі. Айту керек, бұл санаттағы істер бойынша талап қоюшы - өзінің немесе кәмелетке толмаған баласының, өзінің қамқорлыындағы адамның денсаулығына байланысты мүгедектікті, оның тобын айқындауға мүдделі жеке тұлға болып табылады. Ал жауапкер — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық, жергілікті департаменттері. Мысалы, біздің қаламыз бойынша – аталған комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі. Одан кейін талап қоюдың нысанасы, мән-жайы жазылады. Талап қоюға талап қоюшының өзі немесе сенімхат арқылы қол қою өкілеттілігі берілген өкілі қол қояды. Сонымен қатар, талап қоюға әкімшілік істі қарау үшін маңызы бар құжаттар тіркелу қажет. Мысалы, талап қоюшының әкімшілік органға жүгінген арызы, дау келтіріліп отырған әкімшілік акт немесе әкімшілік әрекетті айқындайтын әкімшілік органның жауап хаты. Мүгедектікті айқындаумен байланысты шешімдер не себепті дауланады? Себебі, мүгедектік айқындалмауы мүмкін, немесе мүгедектік айқындалған тобымен келіспеушілік болады. Дәлірек таратып айтсақ, ауруына байланысты азаматтың мүгедектігін және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу (белгілемеу), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жасалады. Сараптама жасау Департаменттің әдіснама және бақылау бөлімінің мамандарының құзыретіне жатады. Бір ерекшелік — заңмен белгіленген талапқа сай ауру адамның медициналық құжаттары электрондық портал арқылы сырттай қаралады. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі көзделген. Яғни, арыз беруші сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда, өзінің тұрғылықты жері бойынша орналасқан Департамент арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетіне шағым жасайды. Шағым нәтижесі бойынша ауруды көзбе — көз қарау туралы шешім қабылдануы мүмкін. Шағым нәтижесімен келіспеген жағдайда, сотқа талап қоюмен жүгіне алады. Бұл санаттағы талап қоюлармен сотқа жүгіну мерзімі заңмен шектелген бе? Әкімшілік талап қою мерзімі барлық санаттағы дауларға қатысты ӘРПК-нің 136- бабында белгіленген. Мүгедектікті айқындаумен байланысты шешімдерге дау келтіру туралы талап қоюлар ӘРПК-нің 136-бабының 1- бөлігіне сәйкес шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа берілу керек. Ал, талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады. Яғни, талап қоюшы талап қою мерзімін қалпына келтіру туралы өтініші бере алады, егер сот мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерін айқындаса және таныса, талап қою мерзімін қалпына келтіре алады. Оқырмандар назарына сот тәжірибесінен талап қоюшылардың пайдасына шешілген қандай істерді айта аласыз? Мүгедектікті айқындаумен байланысты шешімдерге дау келтіру туралы талап қоюлар бойынша қаралған істерден бір-екі мысал айтып өткім келеді. Мысалы, азамат К. сотқа 3-топтағы мүгедектігін мерзімсіз тағайындауға міндеттеу туралы талап қоюмен жүгінген. Сотта К.-ға 2014 жылы ауруына байланысты ота жасалып, нәтижесінде заңмен көзделген тәртіпте, яғни медициналық-әлеуметтік саратама қорытындысына сәйкес 3-топтағы мүгедектігі айқындалған. Сонымен қатар, жыл сайын медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту қажеттілігі көрсетілген. Талап қоюшы бес жыл қатарынан, жыл сайын медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтіп, 3- топтағы мүгедектігін айқындап отырған. Алайда, 2022 жылы қайта куәландыру нәтижесі бойынша Жамбыл облысының МӘС қорытындысы бойынша мүгедектігі алынып тасталған. Талап қоюшының шағымы бойынша 2023 жылдың 28 наурызында Павлодар облысының МӘС бөлімімен сырттай қайта куәландырылып, бір жылға, яғни 2024 жылдың 28 наурызына дейін 3 (үшінші) топ мүгедектігі белгіленген. Қағидаға сәйкес үшінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде мүгедектік мерзімсіз тағайындалады. Осы негізде жауапкердің талап қоюшыны көзбе көз қарап, бір жылға қайта куәландыру қорытындысы заңсыз деп танылып, күші жойылған. Талап қою қанағаттандырылған.

Сот шешімі жауапкермен орындалып, талап қоюшы К.-ға 3 (үшінші) топ мүгедектігі мерзімсіз тағайындалған.

     Тағы бір 2 іс бойынша дау өзара татуласу келісімін жасау арқылы аяқталды.

Яғни, талап қоюшылар сарапшылардың өзін сырттай қайта куәландыру қорытындыларымен келіспей, жауапкерге өздерін көзбе-көз қарау арқылы қайта куәландыруды міндеттеу туралы талаппен сотқа жүгінген.

Істі қарау барысында тараптардың өтініші бойынша татуласу рәсімі жүргізілді.

Нәтижесінде, екі іс бойынша да жауапкер талап қоюшылардың нозологиялық диагнозы негізінде бейімді маманның қатысуымен  талап қоюшыларды көзбе-көз қарап,  қайта куәландыру жүргізуге міндеттеніп, тараптар келісімге қол қойды.

Осылайша сот тәжірибесі мемлекеттік органдармен дауды татуласу рәсімдерін жүргізу арқылы шешу мүмкіндіктері бар екенін дәлелдеп отыр.

     «Бітістірер жан болса, бітіспейтін дау жоқ».

     Қорыта келгенде, әкімшілік әділеттің осы 3 жылға жуық уақыт тәжірибесі әкімшілік сот азаматтардың, бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғауда, қалпына келтіруде   қоғамның, халықтың сенімінен шықты деп айта аламыз. 

Сұхбатты аяқтай келе, оқырмандарға қандай тілек айтасыз?

     Сұхбат тақырыбына қатысты проблемалары бар адамдарға мына мән-жайларды назарға алуды ұсынамын:

     Мүгедектікті айқындау электрондық портал арқылы арызы мен құжаттарын жолдау арқылы сырттай жүргізілетінін ескеру керек. Бұл жағдайда, медициналық ұйымнан дайындалған құжаттардың, қорытындылардың арызға толық тіркелуін мұқият тексеріп, жолдау керек.

Сонымен қатар, өзі келіспейтін шешім қабылданған жағдайда жергілікті Департамент арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетіне өзін көзбе-көз қарау туралы шағым жолдау керек.

     Осы шағым бойынша шешіммен, жауаппен келіспеген жағдайда, созбалаңға салмай, бір ай ішінде сотқа дау келтіру туралы талап қоюмен жүгіну керек.

     Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....