Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бола ма?

Алматы қаласы әкімдігі өкілдері «Алматы жастары» бағдарламасына қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәліметінше, қазір бағдарлама әзірленіп жатыр.

«Қазір «Алматы жастары» бағдарламасының жобасы әзірлеу және келісу сатысында тұр. Бағдарламаны іске асыру және іске қосу мерзімдері туралы ақпарат қосымша хабарланады», — деп жазылған әкімдік жауабында.

Еске салайық, былтыр «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1 100 азамат үйлі болды. 

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі денсаулық сақтау, білім  беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, БАҚ, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады.

Өтініш берушінің тіркелген некедегі әрбір жылы үшін 2 балл, 1 баласы болса 1 балл, одан кейінгі  әр балаға 2 балл, осы саладағы еңбек өтілінің әрбір жылы үшін 2 балл беріледі.

Қазақстанға тұрақты тұруға келетіндер саны азайған 

Қазақстанға тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарының басым бөлігі көршілес мемлекеттердің тұрғындары.

Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы тағайындалады 

Жаңа марапаттар музыка және бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Алдағы төрт жылда қай салаларда жалақы өседі? 

Ұлттық экономика министрлігі жалақыны арттыруға бағытталған шаралар бірқатар саланы қамтитынын хабарлады.

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.