12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік іс бойынша сот шешімдерінің орындалуын бақылау

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің (бұдан әрі-ӘРПК) маңызды  қағидаттарының бірі сот актілерінің міндеттілігі.

      Бірінші сатыдағы сот әкімшілік істер бойынша сот актілерін шешімдер және ұйғарымдар нысанында қабылдайды.

Заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ соттар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру кезіндегі өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары мен басқа да жолданымдары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, жеке тұлғалар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты конституциялық емес деп таныған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген сот актілері орындалуға жатпайды.

    Сот актілерін, сол сияқты сот талаптарын орындамау осы Кодексте көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға және заңда көзделген жауаптылыққа алып келеді.

Сот актісінің міндеттілігі әкімшілік процеске қатыспаған мүдделі тұлғаларды бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.

      Сот актілерін сот түпкілікті дайын болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімшілік процестің тараптарына жібереді.

    Жауапкер әкімшілік іс бойынша соттың шешімін заңды күшіне енген күнінен бастап бір ай мерзімде орындауға міндетті, ол туралы сотқа хабарлауға тиіс.

      Егер соттың шешімінде белгіленген мерзімде ол ерікті түрде орындалмаған жағдайда, бірінші сатыдағы сот ӘРПК-нің 127-бабында белгіленген мөлшерде ақшалай өндіріп алуды қолданады.

Соттың шешімін, ақшалай өндіріп алу туралы соттың ұйғарымын орындамау даусыз тәртіппен қайталап ақшалай өндіріп алуға алып келеді.

      Сот әкімшілік процеске қатысушылардың негізді өтінішхаты бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша, егер анағұрлым кеш орындау әкімшілік процеске қатысушының құқықтарына елеулі зиян келтіретін болса не қиындататын болса немесе мүмкін болмаса, соттың шешімін дереу орындауға жіберуге құқылы.

    Сот актісі дереу орындауға жіберілген кезде сот әкімшілік процеске басқа қатысушылардың да құқықтары мен жария мүдделерін де ескереді.

Сот кез келген уақытта әкімшілік процеске қатысушының өтінішхаты негізінде дереу орындауға жіберілген сот актісінің орындалуын тоқтата тұруы мүмкін.

      Бұл ретте, әкімшілік сот  өзі шығарған сот шешімдерінің орындалуын өзі бақылуға алып, қадағалайды.

Мысалы, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен 2023 жылы өткен кезеңнен 212 іс қалдық болып өткен және 1 707 әкімшілік талап қою түскен (жалпы – 1 919 іс өндірісте болған).

Жалпы 1 725 іс қаралып аяқталған болса, оның ішінде 532 іс бойынша шешім шығарылған, ол жалпы аяқталған істердің 31 % құрайды.

Оның ішінде 199 қанағаттандыру (37%) және 333 қанағаттандырудан бас тарту жөнінде шешімдер.

       Бүгінгі күнде аталған талапты қанағаттандыру жөніндегі шығарылған шешімдердің барлығы  толық орындалған, заңда көзделген мерзімдер бұзылмаған.

      2024 жылдың 1-тоқсанында өткен кезеңнен 91 іс қалдық болып өткен және 466 әкімшілік талап қою түскен (жалпы – 557 іс өндірісте болған).

Жалпы 387 іс қаралып аяқталған болса, оның ішінде 103 іс бойынша шешім шығарылған, ол жалпы аяқталған істердің 27 % құрайды.

Оның ішінде 54 қанағаттандыру (53%) және 49 қанағаттандырудан бас тарту жөнінде шешімдер.

      Аталған шешімдердің орындалу мерзімдері бар.

      Сот актілерін, сол сияқты сот талаптарын орындамау ӘРПК-де көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға және заңда көзделген жауаптылыққа алып келеді.



             Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік 

сотының судьясы Г.Т.Калдыбекова

Сот саласындағы мұрағаттың маңызы мен рөлі

Сот саласының мұрағаты – құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызды құрылымдардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның қауіпсіздігі мен дамуына төнген қатер

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің саяси, экономикалық және...

Сот қызметіндегі тіл – әділ соттың негізі

Тіл – сот төрелігін жүзеге асырудағы басты құралдардың бірі....

Трудовые отношения и социальное партнерство

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби состоялась ежегодная Международная...

«Қардан жасалған шедеврлар» қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Жаңа Жылға дайындалуда

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...