Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күнде — 7-9 мамыр аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана:

  • 7 мамыр — көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз — 17-19 градуыс жылы.
  • 8 мамыр — бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз — 20-22 градус жылы.
  • 9 мамыр — көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желі соғады — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз-24-26 градус жылы.

Алматы:

  • 7 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 24-26 градус жылы.
  • 8 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 градус жылы.
  • 9 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы.

Шымкент:

  • 7 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 градус жылы.
  • 8 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 градус жылы.
  • 9 мамыр – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?