Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Алматы әкімі Ерболат Досаев 9 мамыр мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысына қатысқан 99 жастағы Иван Матвеевич Бегуновқа барды. Ардагердің жастық шағы соғыс уақытына тап келді. Ол 1925 жылы Украинаның Житомир қаласында дүниеге келген. Ақтөбе облысында Кеңес әскері қатарында қызмет атқарып, сол жерден майданға аттанып, 228-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында соғысқан.

Пулеметші Иван Матвеевич Еуропаны азат етуге қатысқан. Шабуыл кезінде ол пулеметпен жаяу әскердің алға жылжуына жол ашып, оларға позициялар арасындағы қашықтықты еңсеруге мүмкіндік бере білді.

Батылдығы мен ерлігі және сарбаздардың рухын көтере білгені үшін Иван Бегунов «Қызыл Ту» орденімен, «Ерлігі үшін», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңісі үшін» медалімен және басқа да жауынгерлік наградалармен марапатталған.

Соғыс ардагері бір ұл, бір қызынан 5 немере, 11 шөбере сүйіп отыр.

«Иван Матвеевич, сізді көргеніме өте қуаныштымын. Келесі жылы 100 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймын деп үміттенемін. Сізге бас иіп, тағзым етіп, Ұлы Жеңіске қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз. Өзіңіздей батырмен мақтанамыз», — деді Ерболат Досаев.
Қала басшысы ҰОС ардагері Дарбала Әміржанқызы Жабатаеваны келе жатқан мерекемен құттықтап, ерекше ілтипат көрсетті. Ерболат Досаев ардагерге соғыс кезіндегі қажырлы еңбегі мен қызметі үшін шын жүректен алғыс айтып, зор денсаулық тіледі. Алматы әкімі ардагерлердің өмірі ерліктің, борышқа адалдықтың үлгісі екенін атап өтті.

Қостанай облысының тумасы Дарбала Жабатаева қысқа мерзімді курстан байланысшы мамандығын алғасын 1943 жылы 18 жасында өз еркімен майданға аттанған. Бойжеткеннің алдында фашистердің санын, атыс нүктесін анықтап, ол деректерді жедел түрде рация арқылы штабқа хабарлау деген жауынгерлік міндет тұрды. Шайқастың бірінде Дарбала Әміржанқызы жарақат алды. Госпитальда емделіп шыққан соң 2-ші Беларусь майданының 4-ші танкке қарсы артиллериялық бригадасына жіберілді. Дарбала Әміржанқызы Германияда соғысты аяқтады.

Ерлігі мен жауынгерлік еңбегі үшін II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Әскери қызметі үшін», «Беларусьті азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және т.б. маңызды орден және медальдармен марапатталды. 30 жылдан астам уақыт ардагер жауапты лауазымдарда жұмыс істеді, депутат және Алматы қалалық еңбек депутаттары кеңесінің атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. Қазір Дарбала Әміржанқызы қызымен бірге тұрады. Туыстары ерекше құрмет тұтады, қамқорлық көрсетеді. Дарбала Әміржанқызы бес немере мен алты шөберенің сүйікті әжесі.

Ардагерлермен кездесу үйде майдангердің отбасында, ағайын-туыстың қасында ерекше ыстық ықыласпен өтті.

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері де ат басын бұрды. Кездесу барысында олар майдангерлерді мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен бақыт тіледі, сондай-ақ 9 мамырда Жеңіс күнін тойлауға 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа шақырды.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?