Қазақстанда жеке куәлік өзгереді: құжаттарды жаңарту қажет пе?

Ішкі істер министрлігі жеке куәлік дизайнының өзгеруіне қатысты түсініктеме берді. Атап айтқанда, қазақстандықтар құжатты ауыстыруы керек пе деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, қолданыстағы «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңда құжаттарда міндетті түрде болуы тиіс деректер тізбеленген. Атап айтқанда, заңның 7-бабында құжаттарда (туу туралы куәлікті қоспағанда) азаматтығы мен жынысы туралы мәліметтер болуы тиіс делінген. Бұрын бұл ақпарат жеке куәліктерге салынған чиптерде болатын.

Комитет төрағасының айтуынша, жеке куәліктің дизайнын өзгерту бастамасы бюджеттен ешқандай шығынды талап етпейді және азаматтардың жаңа құжат бергені үшін төлейтін алым сомасына әсер етпейді. Жаңа дизайн мақұлданып, күшіне енгеннен кейін құжаттарды дайындайтын зауыттардағы жабдықты қайта конфигурациялау ғана қажет болады.

Полицей қазақстандықтарды алаңдатқан сұраққа да жауап берді: жоспарланған жаңартуларға байланысты жеке куәлікті ауыстыру қажет бола ма?

«Бұл әрекетті орындаудың қажеті жоқ және жарамдылық мерзімі аяқталмаған құжаттар өз күшін сақтайды және қазақстандықтар оны қолдана алады. Қазақстандық азаматтар жаңа үлгідегі құжаттарды өз бетінше, мерзімі біткен кезде немесе басқа да себептермен куәлік беруге өтініш берген жағдайда ғана алады. Жеке куәліктерді жаппай бір мерзімде ауыстыру жоспарланбайды», — деп сендірді Аслан Аталықов.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?