Астанада жылу қайта қосыла ма? Қала әкімі жауабы

Астанада жылу беру маусымы аяқталды, бірақ күн қайта суытып, 1 мамырда қар жауды. Бүгін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек халықпен кездесуінде қалада жылу қайта қосыла ма деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің жауабынан белгілі болғандай, ЖЭО-ны ешкім іске қоспайды, сәл шыдамдылық таныту керек.

«Келесі аптада 20 градусқа дейін жылы болады деп күтіп отырмыз, несіне жылуды қайта қосамыз? Бір апта бұрын жылуды өшіру туралы осындай өтініштер болған. Біздегі ауа райы осындай енді», — деді әкім Алматы ауданының тұрғындарымен кездесуінде.

«Астаналықтар пәтерінде суыққа үйренуі керек пе?» деген сұраққа Қасымбек «Жоқ, үйренгенде қалай, сыртта 20 градус жылы болған кезде біз жылуды қоса алмаймыз» деп жауап берді.

Еске салайық, Астанада 19 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылды. Бірнеше күн жылы болғанымен, Астанада күн күрт суып, 1 мамырда қар жауа бастады.

Астанада жақында жаңа әуежайдың құрылысы басталады 

Президент Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет екенін атап өтті.

Ақордада кадрлық ауыс-түйіс: Ерлан Қарин жаңа лауазымға келді 

Президент Жарлығымен маңызды тағайындау жасалды. Ерлан Қариннің жаңа қызметі қандай міндеттерді қамтиды?

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр – Тоқаев 

Президент депутаттар цифрлық дәуірге жол ашқанын және басқа елдерде жасанды интеллектіні заң тұрғысынан реттейтін дайын үлгі болмағанын айтты.

Тоқаев сайлау, Құрылтай және партиялардың бірігуіне қатысты мәлімдеме жасады 

Президент жаңа саяси кезең туралы айтып, қоғам назарын аударатын бірнеше маңызды бастамаға тоқталды.

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.