12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу

Сыбайлас жемқорлық — қазіргі таңда әлемдік, әлеуметтік құбылыс. Мұның себебін толық түсініп білу мүмкін емес жағдай.

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық дамуды, нарықтық экономиканы құру және инвестиция тарту процесін тежейді. Ол демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, елдің болашақ дамуына үлкен қауіп төндіретіні сөзсіз анық.

Елімізде сыбайлас жемқорлықты жою, оның алдын алу мақсатында қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп кең ауқымды науқандар жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаза өте ауыр: ол ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметке тағайындалуға өмір бойы рұқсат берілмеу, мүлкін тәркілеу сияқты жаза түрлері қолданылады.

Сыбайлас жемқорлық қоғамға зиянын тигізіп қана қоймай, нәтижеге кепілдік бермейтінін ұмытпауымыз қажет. Шынында да, сыбайлас жемқорлық схемасында кім көп берсе алады, сол жеңеді. Бірақ қорқыныштысы, жемқорлықпен айналысу адамның өзінің санасына нұқсан келтіретіні анық. Соның салдарынан бүкіл қоғам зардап шегері сөзсіз.

Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін халықтың құқықтық білімінің аздығынан, қандай да бір заңға қайшы әрекет орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігін толық білу маңызы зор.

Сондықтан, келешек ұрпағымызбен еліміздің гүлденуі үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеп, сыбайлас жемқорлық ұғымын одан тудыратын қауіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлыққа қары төтеп беруді жастарға үйрету маңызы зор екенін түсіну керек. Жастардың алған білімі олардың өмірде сыбайлас жемқорлықтың ешбір көріністерімен байланыспауына көмектесетініне сенгім келеді.

Қорытындылай келсек, өскелең ұрпақ өмірдегі барлық нәрсеге қоғам арасында кең тараған сыбайлас жемқорлықпен емес, өз күшімен жету керектігін білуі керек.

Әрбір адам бұл күресте өзінің іс әрекеттеріне баға беріп үйренсе, халықтың бұл күресте міндетті түрде жеңіп шығатынымыз анық.

Шымкент қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының

бас маманы Д.Рахматулла

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқаруда

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті...

Тәлімгерлер мен олардың жас қызметкерлері Невзоровтар отбасылық бейнелеу өнері мұражайында болды

Абай облысында «Халықаралық мұражай күні» қарсаңында сіздігі аралас мекемеде...