Жайықтағы су деңгейі қауіпті межеге жақындады

Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеге жақындады. Кеше 832 сантиметрге жетті. Су басу қаупі бар Курени, Коминтерн, Самал, Жас натуралистер станциясы аудандары мен Елизаров көшесінің тұрғындарына қауіпсіз жерге көшу туралы ескертілді,, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бау-бақша серіктестіктер тұрғындары үшін қосымша 3 уақытша паналау орыны ашылды. 15 эвакуациялық пунктте 2300 адам орналасқан. Өңірде 1900 тұрғын үй, 3300-ге жуық саяжай учаскесін су басқан. Жайық өзені тасыған кезде Шаған өзені де көтеріліп, «Телеорталық» ауданы маңындағы саяжайларға су жайылды.

«Шаған су қоймасының деңгейі 30-65-ті құрайды. Тәулігіне 35 см қосып, кеше таңертеңге Шаған су қоймасының деңгейі 30 метр 30 см болған. Кешегі күнге дейін Шаған ағысы баяу болса да Жайыққа қарата байқалған болатын. Кеше түстен бастап, Жайық деңгейі өсуіне байланысты Жайықтың тасқын суы Шаған өзеніне кіріп, жоғары жаққа аға бастады», — деп мәлімдеді Рауан Құсайынов «ҚАЗСУШАР» РМК БҚОФ директоры.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.