Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ үйіміз» кампаниясы аясында «Jas niet» акциясын өткізді. Акция мақсаты – жалғыз тұратын зейнеткерлер мен жеке секторда тұратын ерекше қажеттіліктері бар қарттардың аулаларын тазалауға көмек көрсету.

Іс-шара аясында жастар зейнеткерлердің үй аумағын ретке келтіріп, қоршауларын бояп, ағаштарды ағартуға және басқа да шаруашылық жұмыстарына жәрдемдесті. Нәтижесінде 20-ға жуық волонтер 2 күнде 16 үйдің  шаруашылығына көмектесіп, үлкендердің алғыстарына бөленді.

Волонтерлердің айтуынша, мұндай акциялар қарияларға құрмет көрсетудің бір белгісі дейді.

–  Мұндай  ақцияларды Алматы жастары жиі өткізіп тұрады. Жалғыз тұратын және көмеккке мұқтаж қарияларға көмек көрсету біздің міндетіміз деп білеміз. Акция аясында біз тек аулаларды ретке келтіріп қана қоймай, сонымен қатар зейнеткерлер үшін азық-түлік жиынтықтары мен шайға тәттілер түрінде шағын сыйлықтар алып келдік, — дейді Зере Мақсұтхан.

Айта кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...