12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәмелетке толмаған сотталғандар арасында мамандандыру жұмыстары жүргізілуде

№11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған сотталғандар арасында ұлтық бірыңғай тестілеу тапсыру және жоғары білім алу құқықтарын іске асыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, мекеме әкімшілігі ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі К. М. Малдыбаевтың, Алматы қаласы бойынша адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас маманы К. Сибағатованың, ҚР ЖБжҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Алматы қаласындағы филиал басшысының міндетін атқарушы Н.М. Әлібиеваның, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД САӘПТЖБ бас маманы, әділет подполковнигі Ш.М. Хусайнованың  қатысуымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында сотталғандарға бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жоғары білім алу құқықтары туралы түсініктемелер берілді. ҚР ЖБжҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Алматы қаласы бойынша филиалының өкілі Н.М. Әлібиева слайд көрсетіп, ҰБТ тапсыру тәртібі туралы айтып берді. 

11 сынып оқушылары мен орта білімі бар сотталғандармен ҰБТ тапсыруға дайындығы туралы жеке сұхбат жүргізілді.

Сонымен қатар, осы сұрақ бойынша мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Н.Б. Айтбеков, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі А.К. Базильбаева, байланыс және ақпарат тобының инженері, әділет сержанты         Е.Б. Болат Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Кәсіби даму және сандық технологиялар институтының (КДжСТИ) директоры А.Г. Симоновпен  кездесіп, кәмелетке толмаған сотталғандарға онлайн-оқытуға қол жеткізу мәселелері талқыланды. Кәзіргі таңда КДжСТ институты республика бойынша жалғыз онлайн оқу жүргізетін жоғары білім  орыны болып отыр.

Бүгінгі таңда мекемедегі 11 – сыныпта 11 сотталушы оқиды, оның ішінде қазақ бөлімшесі – 8, орыс бөлімшесі-3. Егер олар ҰБТ тапсырып, шекті балл алса, жоғары білім алуға мүмкіндіктері бар.

                                                 №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

«Тұрмыстық зорлық зомбылық тиранның ісі». Қоғам белсенділері жастармен дөңгелек үстел өткізді

Алматыда Б. Момышұлы атындағы "Жас Ұлан" мектебінің директоры Нұрлыхан...

Қызылордада пробация есесбіндегі 15 сотталған жұмысқа жолдама алды

Қызылорда қаласының Мансап орталығының ұйымдастыруымен сол жағалаудағы «Болашақ» университетінің...

Мекемедегі жеке кәсіпкерлер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікпен таныстырылды!

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты N79 мекемесінде сотталғандардың...

Шағым немесе өтініш беру тәртібі

Прокуратура органдары мен қылмыстық-атқару жүйесінің ақпараттық жүйелерінің интеграциясы Атырау...