Қара бетперде таққан жұмбақ жігіттің жеке басына қатысты тың дерек шықты

Қара бетперде таққан жұмбақ жігіттің жеке басына қатысты тың дерек шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қоғамда қара бетперде таққан жұмбақ жігіт танымалдылыққа ие. Оның қайырымдылықпен айналысып жүргеніне біршама уақыт болды. Бұған дейін қанша мұқтаж жанға баспана сыйлап, ел назарына іліккен болатын. 

Ал кеше ол су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1 миллион доллар (450 000 000 теңге) бөлетінін мәлімдеді. Осы тұста халық тарапынан оның жеке басына қатысты сұрақтар жиі қойылып жатыр. Кейбір адамдар тіпті оны Димаш Құдайберген деп те болжам жасады. Алайда ол әлі де аты-жөнін жасырып жүр. 

Дегенмен қара бетперде таққан жұмбақ жігіттің қайырымдылық қоры бар көрінеді. Бұған Kaspi, Halyk банк қосымшасындағы «Человек в маске» деген қайырымдылық қоры негіз. 

Бұл халықтан қаржы жинайтын ресми тіркелген қайырымдылық қор, есебінен халыққа қайырымдылық жасалынады.

Журналист Гүлмира Әбіқай да бұл пікірмен келісіп отыр. 

«Қара бетперде жұмбақ жігіттің образы ғана. Ол белгілі бір қордың өкілі. Алла ісіне береке берсін», — деп жазды ол. 

Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады

Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтетін күні, қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болатынын мәлімдеді.

2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 

Толық емес отбасы тұрғын үй кезегіне тұрып, жалдамалы баспана, жалдау ақысын субсидиялау, жеңілдетілген ипотека немесе тұрғын үй сертификаты сияқты қолдау тетіктерін пайдалана алады

Қазақстанға тұрақты тұруға келетіндер саны азайған 

Қазақстанға тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарының басым бөлігі көршілес мемлекеттердің тұрғындары.

Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы тағайындалады 

Жаңа марапаттар музыка және бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Алдағы төрт жылда қай салаларда жалақы өседі? 

Ұлттық экономика министрлігі жалақыны арттыруға бағытталған шаралар бірқатар саланы қамтитынын хабарлады.