12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталды

Елімізде сәуір айының 21-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Шара «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен ұйымдастырылады. Апталықтың мақсаты – вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын халыққа жеткізу. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді.
Жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын өткізуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы 53 мемлекет қатысады. Тұрғындарды иммундау Ұлттық күнтізбеге сәйкес 20 жұқпалы ауруға, оның ішінде 11 инфекцияға қарсы және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 9 инфекцияға қарсы ақысыз жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының ақпаратына сәйкес, өңірде көкжөтел бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Атап айтсақ, жыл басынан бері 37 жағдай тіркелген. Оның 9-ы Кербұлақ, Сарқан аудандарында және Талдықорған қаласында расталды. Науқастардың көпшілігі 1 жасқа дейінгі балалар.
Жанета Нұрманбетованың айтуынша, облыста жыл сайын 150 мыңға жуық адам екпе алады. Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны 35 мың. Сондай-ақ, биыл адам папилломавирусына қарсы вакцинацияның Ұлттық күнтізбесіне енгізу жоспарлануда.
Спикерлердің айтуынша, жаппай вакцинация жүргізу ұлт денсаулығын сақтаудың қажетті шарты. Вакцина арқылы кез-келген аурудың алдын алып, таралуына жол бермеуге болады.

«Тида» романының тұсаукесері өтті

Астанада Жанұзақ Тұрсынбаевтың жаңа кітабы таныстырылды Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада...

ТОЛҒАНЫП, ТОЛҒАП, ЖЫРЫМДЫ…

(Қазақстанның көк туы, гимні, гербі туралы толғам)          Шұғылалы күн туып...

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінің мәжіліс залында апталық жұмысты қорытындылау мақсатында кеңес...

Полиция департаментінде заң қызметтерін жетілдіру шаралары қаралды

Түркістан облысы Полиция департаментінде ҚР ІІМ-нің Заң мен норма...

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 3...