Тегін медициналық көмек шеңберінде

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Алматы облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікті жол жүруді ұсыну туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 15-74 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 2 ақпанда № 6082-05 болып тіркелді

       «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Алматы облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікті жол жүруді ұсынылсын.

      2. Тегін медициналық көмектің және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс емделуге медициналық айғақтар бойынша жіберілетін пациенттерге мынадай төлемдер жүзеге асырылсын:

      1) қалааралық автомобиль көлігінде жол жүру құны (екі жаққа да);

      2) әуе көлігімен ұшу кезінде және теміржол көлігімен жол жүру кезінде теміржол көлігінің жедел поезының купе вагоны билетінің құнынан аспайтын мөлшерде жол жүру құнын (екі жаққа да) өтемақы жүргізіледі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихатының төрағасыТ. Байедилов

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...