Алматы облысында «Киелі мекен» акциясына 300-ге жуық адам қатысты

Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев бастаған тарихи-мәдени ескерткіштер мен олардың аумақтарының жағдайын жақсартуға бағытталған «Киелі мекен» акциясына 300-ге жуық адам қатысты, олар қала тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер және мемлекеттік органдардың өкілдері.


Тазалау жұмыстары Қапшағай бөгетінен солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан Тамғалы-Тас трактінің аумағында жүргізілді. Тракт үлкен (60 м-ге дейін) тік жартастардан тұрады. Тамғалы-Тас кешені – Қазақстандағы өнер, тарих және мәдениеттің көрнекті ескерткіші. Біз қорғауға және сақтауға тиіс осы көне киелі жердің табиғаты, адам көңіліне ұмытылмас әсер қалдыратынына кепілдік береді.
Бірнеше сағаттың ішінде 5 бірлік техника жұмылдырылған «Тамғалы тас» тарихи-мәдени ескерткіші аумағынан 1 тонна қоқыс жиналды.
Мұндай әрекеттер қазақстандықтарды тату көршілік пен өзара көмекке баулиды, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, сол арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы аптада «Киелі мекен» шарасына кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден және түрлі кәсіпкерлік субъектілерінен 300 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 3 тоннаға жуықтады. Облыс бойынша барлығы 23 бірлік жүк-тиеу техникасы пайдаланылды.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...