12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

III Халықаралық Фараби форумы

2024 жылдың  11 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  “III Халықаралық Фараби форумының” қорытынды кеші өтті. Форумда Университет ректоры — Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев сөз сөйлеп, қатысушыларға өз ізгі ниетін білдіріп, студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық  ғылыми конференциясының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен сертификаттар табыс етті. Іс-шараға Заң факультеті оқытушылары  мен жас ғалымдары қатысты.

Форумның мақсаты: әл-Фараби мұрасын зерттеп жүрген жас ғалымдарды біріктіріп,  әл-Фарабидің бай мұрасы призмасы арқылы қазіргі қоғам дамуының рухани, тарихи және философиялық негіздерін түсіндіріп, ғылым мен білімнің интеграциясына, қазіргі қоғамның адамгершілік және зияткерлік мәдениетін жетілдіруге қатысты кең ауқымды өзекті мәселелерді талқылау болды.

Форум қорытындысы бойынша Дәрежелі орындарды, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған заң факультетінің:

1. I орын — Абишева Меруерт Нұрланқызы;

2. II орын — Маратов Алмаз Кайратович;

3. III орын — Байдулина Аяна Серікқызы иеленді. 

Жеңімпаздарға дәрежелі диплом мен қатар, 75 000теңге, 50 000теңге, 30 000теңге көлемінде ақшалай сыйлық сертификаттары табыс етілді. Білімімен оқ бойы озық шыққан студенттерімізге алдағы уақытта да бағындырар белестеріңіз биік болсын деген тілек білдіреміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті, Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы Р.Б. Тұрысбек

Аким города Алматы ознакомился с научной инфраструктурой КазНУ

Аким города Алматы Дархан Сатыбалды посетил Казахский национальный университет...

ҚазҰУ-дың ғылым ордасындағы жаңалықтармен қала басшысы танысты

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық...

В КазНУ официально открыли международный институт «Цифровые технологии и робототехника» и Центра робототехники

На базе КазНУ имени аль-Фараби состоялось официальное открытие Международного...

ҚазҰУ-да цифрлық технологиялар мен робототехника саласындағы халықаралық орталық ашылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот жүйесі – мемлекетіміздегі әділдіктің айнасы, заң үстемдігінің кепілі....