12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Халықаралық тәжірибе алмасу: ювеналды әділеттілікке француздық көзқарас

2024 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институты және Пуатье университеті (Франция) «Құқықтық диалогтары» жобасы шеңберінде «Францияның ювеналды әділет тәжірибесі»  тақырыбына арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара кең ауқымды мамандар мен академиялық қауымдастықтың назарын аударды.

Дөңгелек үстелдің модераторы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, қазақстандық криминологиялық қауымдастықтың құрметті президенті, профессор Игорь Рогов болды, ол ювеналды әділет саласындағы француз және қазақстандық тәжірибенің негізгі аспектілерін баяндай отырып, қазіргі Қазақстанның негізгі тренді Республика Президенті Қ. Тоқаевтың көзқарасына сәйкес отбасын жан-жақты қорғау және барлық азаматтардың сонымен қатар, бірінші кезекте өскелең ұрпақтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылатынын еске салды.

Құттықтау сөздермен: Абай атындағы ҚазҰПУ Стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры — Айгүл Ысқақова, Францияның Алматыдағы Бас консулы — Фабрис Неве сөйледі, ол Франция мен Қазақстанның құқықтық жүйелерінің ұқсастығын атап өтті, оның айтуынша, 2022 жылғы қазақстандық конституциялық реформадан кейін күшейе түсті.

Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, профессор Айнұр Сәбитова елдер арасындағы құқықтық саладағы және әсіресе адам құқықтарын қамтамасыз етудегі диалог пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел аясында екі елдің ювеналды әділет және криминология саласындағы танымал сарапшылары сөз сөйледі: Пуатье университетінің Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі, профессор — Лича Баджини, Д. Қонаев атындағы университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі проректоры — Гүлнар Әлібаева, Пуатье университетінің профессоры, з.ғ.д., ISCRIM’ маманы (криминологиялық ғылымдар институты) — Жером Боссан, ҚР Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ғылыми қызметкері, з.ғ.д., профессор — Саттар Рахметов.

Спикерлер кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне, қазіргі заманғы криминологияның алдында тұрған сын-қатерлерге және өз елдеріндегі ювеналды әділет тиімділігін арттыруға назар аудара отырып, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.

Талқылауды қорытындылай келе, Игорь Рогов дөңгелек үстелге қатысушылардың ең қызықты ұсыныстарымен тиісті қазақстандық мемлекеттік құрылымдар таныстырылатынын айтты.

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...