Адам өлтіргендер, қарақшылар: биыл Қазақстан полициясы тағы кімдерді ұстады?

Іздестіру жұмысы — ішкі істер органдарының қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі. Оның мақсаты — жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету. Жыл басынан бері ІІМ криминалдық полициясы іздеуде жүрген 633 қылмыскерді ұстады, олардың ішінде адам өлтірген — 17, 15 тонаушы, 9 қарақшы, 7 бопсалаушы және 35 есірткі қылмыскері бар, — деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қылмыскерлерді іздеу тек Қазақстанда ғана емес, шет елде де жүргізіледі. Оларды ұстауға Интерпол көмектеседі. Биыл қаңтарда Анкарада біз Түркияның Ішкі істер министрлігімен және Интерпол Бас хатшылығымен кездесу өткіздік. Қазіргі уақытта әр түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеудегі 12 қылмыскер Түркияда ұсталды», — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Жалпы Қазақстан аумағынан тыс жерде барлығы 38 адам ұсталған, оның ішінде Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері және Польша сияқты алыс шет елдерде — 19. Ресей, Қырғызстан, Грузия және Өзбекстан сынды таяу шет елдерде де — 19. Шетелдік әріптестер үшін Қазақстан полициясы ел аумағында 150 қылмыскерді ұстаған.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясы үшін — 92, Өзбекстан үшін — 30, Қырғызстан үшін — 16, Тәжікстан үшін — 8, Армения үшін — 3 және Әзірбайжан үшін — 1 қылмыскер.

«Іздеуде жүрген қылмыскер Дубай қаласында ұсталып, елге әкелінді. Ол 2010 жылы банктен 300 миллионға жуық теңгені иемденген. Сонымен қатар Польшада тағы бір қылмыскер ұсталды. Ол 2016-2019 жылдары Астана қаласында бір компанияның бухгалтері болып жұмыс істеп, 400 миллион теңге жымқырған», — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Одан бөлек, жыл басынан бері республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 259 адамның орналасқан жерін анықтаған.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі