Алматыда ауа райы бұзылады

Алматыда ауа райы бұзылады деп болжанып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласында 6 сәуірде шамамен сағат 17:00-ден кейін 7 сәуір таңға дейін жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Жауын-шашын кезінде 235 бірлік арнайы техника, 210 жұмысшы және 51 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады, олар су басудың алдын алу және проблемалық аумақта судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған. 2 мыңнан астам қап құм дайындалды. Аудан әкімдіктерінде атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

6 сәуірде сағат 17:00-ден кейін 8 мм-ге дейін жаңбыр сіркірейді деп болжануда. Күндіз ауа температурасы +15…+17, түнде +10…+12 градус. 7 сәуірде 8 мм-ге дейін нөсер жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +8…+10, түнде +12…+14 градус.

Әкімдік ауа-райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес берді.

«Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұраймыз.

Қандай да бір аумақты су басса, жедел шара қолдану үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 What’s app нөміріне хабарлама жазуға болады», — делінген хабарламада.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі