Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №3 мекемесіне экскурсиямен барды. Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметімен бірлесіп, мекеме жас студенттердін одан әрі жұмысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында профилактикалық — алдын алу жұмыстары жүргізе отырып, мұның қайда әкелетінін анық көрсетті. Жас қонақтарға сотталғандар қайда ұсталатыны, карточкалық тексеріс өтетіні және тамақты қайда қабылдайтыны көрсетілді, мекеме аумағын аралып шықты. Кездесу соңында мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Мақсат Шәкерұлы Баймульдинов студенттерге оқуда табыс, барлық мақсаттарға қол жеткізіп, тек алға ұмтылуларын тіледі!


