Алмалы ауданының комьюнити орталығында жастар арасында «Almaly night»  интеллектуалды ойыны өтті

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алмалы ауданының комьюнити орталығында жастар арасында «Almaly night»  интеллектуалды ойыны өтті.

Қала жастары арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілге деген құрметін қалыптастыру, ақыл-ойын, жылдам ойлау қабілетін арттыру және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізілген сайыста 9 команда бақ сынады.   

Ұйымдастырушылардың айтуынша «Almaly night» жобасы дәстүрлі түрде әр апта сайын өтіп тұрады және ойынға қызығып, қатысуға өтініш білдіретін жастардың саны да аз емес.

— Бұл жай ғана басқосу емес, жастардың білімін шыңдап, таным-көкжиектерін кеңейту, жаңа идеялас достар табу мүмкіншілігі. Біз ойынды қызықту өткізу үшін, әр ойын сайын әртүрлі тақырыптар таңдаймыз. Бұл ойын біздің орталықта осымен 3 рет өтіп тұрғанымен, осы уақытқа дейін 200-ге жуық жастардың басын қосты, — деді Алмалы комьюнити орталығының жетекшісі Анарбаева Бағдат.

Нәтижесінде 9 команданың ішінен «West side» командасы топ жарса, екінші орынды «Qamqor MOK» командасы иеленді. Үшінші орын —  «Екі жарым адам» командасының қанжығасында.

Ойын соңында жеңімпаздар арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті: бірқатар қорытынды құжат қабылданды

Шолпан-Ата қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғыз...

КАРЬЕРНЫЙ РОСТ НА ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЕ: ПРИНЦИП МЕРИТОКРАТИИ

Одним из ключевых принципов государственной службы является меритократия, то...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ МАНСАПТЫҚ ӨСУ: МЕРИТОКРАТИЯ ҚАҒИДАТЫ

Мемлекеттік қызметтегі басты қағидаттардың бірі – меритократия, яғни қызметтік...

Казахстан принял председательство в Союзе тюркских горнолыжных курортов

Казахстан принял председательство в Союзе тюркских горнолыжных курортов. Председателем...