Алматылық жастар соғыс ардагерлеріне азық-түлік себеттері мен сыйлықтар табыстады

Бүгін қаламыздың белсенді жастары соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, үйлеріне барып азық-түлік себеттері мен сыйлықтар табыстады.

— Ардагерлеріміздің ұлы ерлігін әрбір қазақстандық құрметтеп, есте сақтауы керек. Бізге ашық аспан, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге алғыс айтудан шаршамаймыз. Қарттарға қамқорлық көрсету — біздің ортақ міндетіміз. Ардагерлерімізге тек 9 мамырда ғана емес, күнде құрмет көрсетсек те артық етпейді,- дейді белсенді жастар.

Кездесуде жастар ардагерлердің әңгімесін тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, батасын алды. Айта кетейік, Алматылық волонтерлер аталмыш шараны ай сайын жүйелі түрде өткізіп тұрады.

Аталған шарада еріктілерге «Kex Group» компаниясы сыйлықтарға  қаржылай қолдау көрсетіп, демеуші болып қатысты.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...