12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот баспасөзінің ерекшелігі неде?!

Бұрын осы сұрақты маған қойса, жауап бере алмаған болар едім. Ал, қазір айта аламын. Сот десе, адамдардың көз алдына бірден ауыр картиналар келеді. Түрі сұсты судья, жанұшыра айғайлаған дауыстар, жанардан ытқыған жас, темір тор…
Иә, еліміздің соттары осындай ауыр сәттерді бастан өткере отырып, заңның сақталуын қамтамасыз етеді. Адамның құқығын қорғайды.
Қазір — ақпараттың дәуірі. Ақпарат ағымының толассыздығы соншалық, тіс қаққан мамандардың өзі оған ілесе алмайтындай күнге жетті. Бірақ, өкініштісі, сол ақпараттардың арасында дұрысы да, бұрысы да өріп жүр. Қайсысына сеніп, қайсысына бет бұрарыңды білмей қаласың.
Әсіресе, қазіргідей алаяқтақтардың қаптаған заманында дұрыс ақпарат алудың маңызы өте зор. Ең бастысы, азаматтарымыз адаспайтындай, сан соғып қалмайтындай болуы керек.
Сот баспасөзі бұл мәселеде ерекше рөл атқарады. Себебі, баспасөз қызметі соттарда қаралған істер бойынша халықты ақпараттандырады. Заңдарды түсіндіреді. Жауапкершілікті жеткізеді. Сол арқылы алдау-арбауға түсудің алдын алып, жаңа қылмыстардың болуына жол бермейді.
Заңның тілін, соттың тілін екінің бірі түсіне бермейтіні анық. Ал, сот баспасөзі қиыннан қиыстырылып, ресми стильде, құрмалас сөйлемдермен, құқық терминдерімен жазылған заңның талаптарын қарапайым сөздермен оқуға жеңіл, көңілге қонымды етіп қайта жазып, халықтың жүрегіне жеткізеді.
Бұл жұмыс асқан шеберлікті талап етеді. Бір сөз дұрыс қолданылмаса, болмашы қателіктен заң талабы басқа мағынада сипат алып кетуі мүмкін. Ал, бұл түптеп келгенде, азаматтарымыздың дұрыс ақпарат алмай, адасуына әкеп соғады.
Сот баспасөзінің ерекшелігі — соттарда қаралған істердің тәжіриебесін, заң нормаларын қазақы дүниетанымымызға сай қарапайым сөздермен халық назарына жеткізу. Менің түсінігімде, бұл — жауапкершілік жүгі ауыр қызмет. Былай айтқанда, халық пен заң арасында алтын көпір боласың.
Қате айтылған бір сөз — қоғамды адастырады. Қоғам адасса, заң сақталмайды. Заң сақталмаса, хаос болады. Сондықтан, сот баспасөзінде жұмыс істейтін әр маманнан алғырлық, аңғарымпаздық, білім мен сауаттылық, жан-жақтылық талап етіледі.
Сот баспасөзінің бұдан басқа да ерекшеліктері өте көп. Мен соның ішінде заң тілін қарапайым сөзге салып, халыққа жеткізу — ең басты ерекшелігі деп есептедім. Өйткені, ол әркімнің-ақ қолынан келе бермейді.
«Сөз өнері — дертпен тең». Осы орайда, сот жүйесінің қызметіне қалам тербеп жүрген барша әріптестеріме сәттілік тіледім!

Н.Нұрбайқызы,
Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бас маманы

Состоялось заседание Комитета профсоюзной организации области Абай

В городе Семей прошло заседание Комитета Общественного объединения «Профсоюзная...

Аягөз аудандық пробация қызметі тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айы аясында Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің...

Азаматтардың 70%-дан астамы жаңа Конституция бойынша референдумға қатысуға ниетті

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы...

Алматы метрополитені қызметкерлері референдумды қолдайды

Қалалық Жалпыұлттық коалиция өкілдері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Көк Төбе» демалыс саябағының ұжымымен кездесу өткізді

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...