Теологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 20 наурызында “Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы” ҚҚ теологі С.Сариев “Құран әліппесі және тәжуид қағидалары” кітапшасын (авторы: Ғалымбек Тобашев) сыйға тартты.
Кітапта араб әліппесіне сауат ашумен қатар, қасиетті Құран Кәрімді өз мәнері мен нақышына сай дұрыс оқып-үйренудің қағидалары толықтай қамтылған. Сондай-ақ, арабшадағы тіл дыбыстарының ерекшеліктері негізге алынып, грамматикалық заңдылықтарға бағыну көзделген. Бұған қоса, Құранның қысқа сүрелері мен дұғаларының да мағыналары айшықталған. Еңбек әрбір Құран үйренушіге арналған. Мақсаты — түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында деструктивтік діни ағымдардың таралуының алдын алу, теріс ағымдардың Құранды дұрыс түсінбей, өздерінің теріс мақсаттары үшін түсіндіретін жат ағымды және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру.

Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері,...