«Қазақмыста» басқарма бөлімі басшысы ұсталды

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен «Қазақмыс» заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания хабарламасына сілтеме жасап.

«13 наурызда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қарағанды облысының Ішкі Істер департаменті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қауіпсіздік Дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС заң қызметі департаменті орталық өңірі заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Мақсұтұлы Жұмабаев ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта А.М. Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.