12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Теңсіздік мәселесі әлі де өзекті болып тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі кезекті Жолдауында ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өскенін, былтыр Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 104 триллион теңге болғанын атап өтті.

Бір қарағанда көрсеткіш көңіл қуантады. Ел эконо­ми­касының нығайғаны, ұдайы тұрақты өсім көрсеткені жақсы. Дегенмен, бұл жаңалыққа кереғар мәліметтер де бар. Мысалы, өткен айда Ұлттық статистика бюросының жа­рия­лаған зерттеу нәтижелері бойынша биылғы жылдың екінші тоқсанында елдегі ке­дей­шілік деңгейі 5,1% көле­мінде белгіленген. Бұл көрсеткіш бірінші тоқсанда 4,8%-ды құраған еді. Сондай-ақ,Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын бар 177,8 мың үй шаруашылығы бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4%-ға артық. Басқаша айтқанда, ел экономикасы өскенімен, халық кедейленіп жатыр. Халық кедейлене түссе де, экономикалық өсімге қол жеткізу түсініксіз көрінгенімен, бұл құбылысты түсіндіру өте оңай. Себебі, жалпы жұртшылықтың табысы төмендесе де, кейбір адамдардың табысы бұрынғыдан еселеп өсті. Сондықтан, жалпылама алғанда оң көрсеткіш байқалады. Осы жерде теңсіздік мәселесі ортаға шығады.Мәселені Мемлекет басшысының өзі үнемі айтып келеді. Мысалы, былтыр қаңтарда Президент елімізде белгілі бір элиталық топтар ғана экономикалық өсімнің пайдасын көріп отырғанын айтты.Халықтың басым бөлігінің табысы төмендеп келеді немесе еш өзгеріссіз қалды. Бұл – мемлекетіміздің қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер. Бұның бәрі қоғамның экономикалық-әлеуметтік, артынан саяси жағынан қақ бөлінуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Осындай дағдарыстың алғашқы белгілері көріне бастады, – деп мәлімдеді.Сондай-ақ, Қазақстан байлығының тең жартысына бар-жоғы 162 адам иелік ететіні туралы халықаралық сарапшылар мәліметін де мысалға келтірді. Ал биыл көктемде Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құқықтық теңсіздік пайда болып, бай мен кедейдің арасы алшақтай түскенін назарға алды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда Үкімет және Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында.Жоғарыда айтылғандардан жалпы әлемде, оның ішінде еліміз үшін өте өзекті мәселенің бірі – әлеуметтік теңсіздік екенін көруге болады, Яғни, қала мен ауыл, бай мен кедей арасындағы айырма, әлеуметтік жік мәселесінің күн өткен сайын өзектілігі артуда.

Тағы қозғай кететін жайт, білім беру саласындағы, әсіресе, орта білімді қамтамасыз етуде теңсіздіктің түрлері көп. Мәселен, оқушының тұрып жатқан жеріне байланысты — батыс пен шығыс баласы алатын білім деңгейі әртүрлі, ол аймақтардың ерекшеліктеріне байланысты. Қала мена ауыл баласының білім сапасы әртүрлі. Енді бір жағдай — ата-анасының әлеуметтік статусына байланысты баланың білім алу мүмкіндіктері әртүрлі болады.Мәселені айтқанмен, оның себептерін де айтып кеткен жөн. Біздің ойымызша, ауылдық білім жүйесін ерекшелейтін бірнеше фактор бар. Біріншіден, ол — инфрақұрылым. Мектептердің ғимараттарының көбі өткен ғасырдың ортасында салынғанымен, содан бері күрделі жөндеуден өтпеген, жыл сайынғы косметикалық жөндеу жұмыстарымен ғана шектеліп отыр.

Үшіншіден, интернет. Мектептердің басым көпшілігінде интернет жылдамдығын 8 мбит деп айтқанмен, шын мәнінде 2-3 мбит аспайды. Цифрлық құралдарды сапалы пайдалану үшін кем дегенде мектептерде 100 мбит жылдамдық болу керек. Төртіншіден, ұстаздардың онлайн не болмаса офлайн оқыту курстарының қолжетімсіздігі. Жоғарыда аталған мәселенің бәрі теңсіздікке әкеліп   соғады. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. Тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі 10-мақсат: «Теңсіздікті қысқарту» екенін алға тартқым келеді. Теңсіздікті жою қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі екені айтпай-ақ түсінікті. Жалпы елімізде ғана емес, әлем бойынша теңсіздік мәселесі өршіп тұр. Теңсіздікті жою және ешкімнің назардан тыс қалмауын қамтамасыз ету тұрақты даму мақсаттарына жету процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Елдердегі және олардың арасындағы теңсіздік үнемі алаңдаушылық тудырады.

Накишева М.К

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы,Phd

Чэнь Кэюй

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....