Түрме кітапханасы жаңа кітаппен толықты

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жалпы саны 4600 кітаппен толыққан, 300 — ден астам жазасын өтеуші оқырманды қамтып отырған кітапхана жұмыс жасайды. Алайда, қазақ тіліндегі әдеби шығармалар жиынтығы тапшы. Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері оқырмандар сұранысына сай мекеме кітапханасына алпысқа жуық түрлі ақын-жазушылардың шығармашылығындағы кітаптарды тарту етті.

– Жазасын өтеушілер мекемеде қалаған мамандығы бойынша білім алады. Сәйкесінше, білімдерін тереңдету мақсатында бірнеше әдебиетке сүйенеді. Өз қалаулары бойынша да түрлі ақын-жазушылардың шығармашылығын оқиды. Мысалы, жақында сотталғандардың бірі ас мәзірлер жиынтығын сұрады. Мекеме мен облыстық кітапхана қызметкердерінің біріккен жұмысы нәтижесінде жазасын өтеушілердің сұранысына ие кітаптар мекеме кітапханасының сөрелерінен табылды. Жаза басып жаңылса да, кітапқа құштар оқырманның бары көңіл қуантады, – дейді мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы М.Әбдімажит.

А. есімді сотталған мекеменің өндірістік аймағында аспазшы болып жұмыс жасайды. Жаза мерзімін тағдырластарына ас әзірлеумен өткізіп жатқан ол, түрлі тағамдардың жасалу тәсілін білу үшін мекеме кітапханасына жиі барады.

  • Бостандықта жүргенде қаладағы қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс жасадым. Бастапқыда тамақтың түрлері мен жасалу тәсілдерін кітаптан қарап жүретінмін. Қолымнан тағам даярлау келгендіктен мекеме асханасына жұмысқа орналастым. Бұл жақта бекітілген ас мәзірі бойынша тағам дайындаймыз. Әрине, бостандықта жүріп даярлаған ас мәзірі мүлде бөлек. Темір тордың арғы жағына шығатын күн де алыс қалмағандықтан, кітапхананың ас әзірлеуге қатысты түрлі кітаптарын жиі оқимын. Бүгін де жаңа кітап келгенін естіп, өзіме қажеттіні оқуға келдім,- дейді сотталған азамат.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Региональный кадровый резерв города Алматы: путь к профессиональному успеху

Момент зачисления в резерв: что изменилось в вашем восприятии...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын...

В Алматы стартовала Спартакиада среди государственных служащих

20 июня 2026 года в Алматы стартовала традиционная спартакиада...

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...