12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тағдыр теңгемен өлшене ме?


Соңғы жылдары бай бағландардың балдарының, одан қалды қалтасында теңгесі көптердің түрлі оғаш әрекеттері әшкереленіп, ел назары ауып жұрттың біраз ашуына тиді. Соның бірі жұбайын айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген Бишімбаевтың ісі. Ақ пен қарасы әлі анықталмаса да қалтаның қалыңдығына орай жаза да жеңілдей ме деген жұрттың үрейі басым.

Неге десеңіздер, бұған дейін болған бірталай дүниеде соттан сүттен ақ, судан таза болып шыққан қалталылар мен олардың отбасы жеткілікті. Тіпті заң қарапайым жұртты тиып, қаражаты барлардың ығына жығылатындай. Осыдан қорыққан көпшіліктің назары да қазір Бишімбаевтың ісіне ауып тұр.
Қоғам екіге бөлініп, қызу талқыға түскен оқиғалардың бірі караокедегі жанжал. Микрофонға таласқан қос олигарх ұлдарының арасына түсіп ажыратпақшы болған бірнеше жігіт өздерінің жазықсыз екендерін айтса да, сот үкімімен темір торға тоғытылып кеткен еді. Оның бірі өнер жолында жүрген актер Асқар Жұмабек. Тіпті істің әділетсіз жүріп жатқанын айтып, президент Қасым-Жомарт Кемелұлының өзінен араша сұраған еді. Асқар бұл үндеуімен құрығы ұзын қалталыларға көптеген жауапты мамандардың да қолынан көп дүние келмейтінін жеткізгендей.
Тағдырмен күресте таразының бір жағы неге салмақты деген сауалдың жауабы ақылға салған адам үшін тым қарапайым. Біз айтып отырған олигарх Дінмұхаммед Ыдырысовтың ұлы Жармұхамед Аппаз.
Сол күні караокеге барып, көңіл сейілтіп жүрген жігіттің өзінің де қызметі мен құдыреті естіген адамның аузын аштырады. Енді оның елдегі қаншама дүниені қол астында басып ұстап отырғанын шетінен тізбектеп көрейік.


Бақ беттеріне шыққан ақпаратқа үңілсек, Жармұхамед Аппаз «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС-нің яғни, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Шымент қаласындағы жылу және электр энергиясының негізгі жеткізушісінде лауазымды қызметін атқарады. Бірақ, жігіттің қолындағы билік мұнымен шектелмейді. Сонымен бірге ол ең ірі холдингтің тең құрылтайшысы да. Анасы Магда Ыдырысова 99% акциясына иелік ететін компанияның 1% үлесі осы ұлының еншісінде.


Бір ғана Маңғыстау облысында элетр энергиясын беру мен бөлудің 90 пайызына жауапты. Құрамында 8 компаниясы бар холдингте КЭЦ» ЖШС және «Өскемен ЖЭО» ЖШС де бар. Осы екі компанияның активтеріне тағы үш ЖЭО-ы қатысы бар: Қарағанды мен Өскемендегі жылу орталықтары. Көптің пайдасы үшін салынған орталықтар, керісінше бір отбасының игілігі үшін жұмыс жасап жатырма дерсіз. Себебі, қай-қайсына үңілсең де бірден үрей ұялатады. Мәселен Қарағандыдағы тоз-тозы шыққан 2 жылу электр орталығы бүгінде сары тізімде. Алайда қарайласар басшылықтан қалпына келтіреді деген қайыр жоқ сыңайлы. Бұлай дейтініміз, Өскемендегі ЖЭС деңгейі қызылға түссе де әлі ешқандай шара қабылданбаған. Ал оның жылдық табысы артпаса, кеміген емес. 2019 жылы 10,6 млрд болса, 2020 жылц 19,76 млрд теңгеге өскен. 2021 жылы тіпті 21,3 млрд теңгені құраған. Мыс-мыс ақша түскен орынның мықты дамып жатқаны байқалмай жатқаны өкінішті-ақ.


Коммуналдық жүйелерден бөлек Жармұхамед Аппаз еліміздегі Ordabasy Group компаниясының да басшысы. Ал оның екінші иесі ретін әкесі Дінмұхамет Ыдырысов тіркелген. Бұдан бөлек, «YDD Corporation» ферроқорытпа зауыты, ALSAD құс фабрикасы, АйқараАуыл, Белогорское сынды кен орындары мен бекіре шаруашылығы, курорттық кешендерге де қатысы бары расталып отыр. Сонымен бірге олигарх ұлы Qazaqpay және Qazaq Billing активтерін де өз атына жазған.
Бұл әулеттің қай қайсына көз жүгіртсең де не мықты қызметте, немесе ірі кәсіпорындарының басшысы ретінде көруге болады.

Осындай дүниені қолында ұстап отырғандардың сол бір микрофон үшін болған даудан тез әрі таза құтылуына сеп болуы да мүмкін деген болжам көпшілік арасында желдей еседі. “Әділдікті жеңілгендер іздейді, жеңгендерге керек болды ол қашан”, демекші сол бір жанжалға қатысы бар жеті адам 6 жылдан 6 жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей, бұл ақиқаттың қалай таразыланғанын уақыт көрсететін болады.

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...