Алматы қаласы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Әдеп жөніндегі Кеңес отырысының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес отырыста профилактикалық 7 сұрақ қаралды.

Кеңестің кезекті отырысына Алматы қаласы әкім аппараты басшысының орынбасары, Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы, Жетісу және Алмалы аудандары әкімдігінің аппарат басшылары, Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары, Мемлекеттік басқару академиясының директоры және Алматы қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі және тағы да басқа қызметкерлер шақырырлды.

Күн тәртібіне сәйкес бірінші сұрақ мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды.

Тек 2024 жылдың 2 айында жүргізілген мониторинг нәтижесінде, жұмыс уақытынан тыс жұмысқа тартылған 35 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілгені атап өтілді.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс жұмысқа тартылу мәселелерінің алдын алу мақсатында нақты ұсыныстар құрастырылды.

Күн тәртібінің келесі сұрағы болып мемлекеттік лауазымға тағайындау кезінде қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне қатысты талдау қорытындылары талқыланды.

Талдау барысында мемлекеттік органдарда заңсыз тағайындалу деректері анықталды.

Аталған тағайындау туралы бұйрықтарды қалпына келтіру және жауапты қызметерлердің тәртіптік жауапкершіліктерін қарау бойынша тиісті ұсыныстар құрастырылды.

2023 жылы және 2024 жылы Алматы қаласы Спорт басқармасында және Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінде басшылық лауазымдағы қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық деректері орын алған болатын.

Бұл себепте, мемлекеттік органдарды мемлекеттік қызмет және сыбайлас сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуға бағытталған Алматы қаласы спорт басқармасы, Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы басшылығы және Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімнің әдеп жөніндегі уәкілі қызметтерінің нәтижелері қарастырылды.

Кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызмет және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.

       Бұдан бөлек, 2023 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган және аумақтық мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметіне жүргізілген талдау қаралды.

       Алматы қаласы Әдеп жөніндегі Кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру мәселелері назарсыз қалдырылмады.

Сондай-ақ, Алматы қаласы Мемлекеттік басқару академиясының директорына сөз беріліп, онымен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру бойынша туындайтын мәселелер көтерілді.

Кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілердің оқу сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.

Аталған бағыттарда жұмыстар жалғасатын болады.

Н.Б. Узбеханов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекетік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы

КАК ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПРЕВРАТИЛИ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ В КРУГЛОСУТОЧНЫЙ КОНТРОЛЬ 

ЕЩЕ ДВАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД ЧЕЛОВЕКУ, РЕШИВШЕМУ ПРЕВРАТИТЬ ЧУЖУЮ ЖИЗНЬ...

Оставьте ненужные споры

Сначала Бозжыра, затем Кок-Жайляу, теперь Катон-Карагай и Маркаколь… Споры...

Адамға бағдарланған мемлекеттік қызмет: жаңа заңның жаңа мүмкіндіктері

Мемлекеттік қызмет-ел дамуының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан, бұл саладағы...

Ұлттық құрылтай – қоғам мен мемлекет арасындағы сенім көпірі

Мемлекет дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – билік пен қоғам...

В петле коррупции 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ АГЕНТСТВА ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ ЖАНАТ ЭЛИМАНОВ ОТЧИТАЛСЯ ПЕРЕД...