Ағымдағы жылдың 5 наурызында №2 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орындасары әділет майоры С.Ж Калдыбаев, тәрбие және кадр жұмысы бойынша тобы мекеме тәлемгерлері әділет подполковнигі С.У балташева және әділет майоры Н.А Костенко, сонымен қатар жас қызметкер С.К Садуевпен бірлесіп Мекемеде 30 жылдан аса қызмет атқарған зейнеткерлер Алексей Михайлович Аненко мен Надежда Петровна Костенконын үйлеріне кіріп шықты. Сонымен қатар, 8 наурыз мерекесіне қарсаңында Надежда Петровнаны құттықтап естелік сыйлық жасады. Надежда Петровна мен Алексей Михайлович өздерінің жастарына қарамастан қызметкерлерді жылы лебізбен қарсы алды. Кездесу өте жылы қуанышты ахуалда өтті. Мекеме зейнеткерлері жас қызметкерге өздерінің ақ тілек батасын тіледі. Зейнеткерлер өздерінің жас кезіндегі қызметтерін еске алып әңгіме жүргізді.
«Надежда Петровна мен Алексей Михайлович өздерін еске алып ұмытпай үйлеріне келіп жағдайларын сұрап құттықтап келген қызметкерлерге» Алғыстарын білдірді.


