Антына адал погонды ару

8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында құқық қорғау саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген погонды арулар туралы айтпақпыз.

Құқық қорғау саласында ерлермен қатар абыроймен қызмет атқарып жүрген әйел полицейлер баршылық. Қиын қызметті асқан жауапкершілікпен атқару оңай емес екендігі бәрімізге белгілі. Бұл сала ерлер немесе әйелдер деп бөлінбейді. Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі саласында 50-ден астам погон таққан әйел азаматшалар антына адал еліне қызмет етуде. Солардың бірі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде қаржымен қамтамасыз ету тобының бас маманы әділет лейтенанты Айна Шапайқызы. Ол 1986 жылы 01 қыркүйекте Қызылорда қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Анасы Сархыткүл мен әкесі Шапай қойма меңгершісі болып қызмет жасаған. Анасы мен әкесінің тәрбиесін бойына сіңіріп, үлгі алып өскен Айна мектепті үздік бітіріп, 2002 жылы Қызылорда қаласындағы «Экономика және құқық» колледжіне «Есепші» мамандығына оқуға түсіп, 2005 жылы қызыл дипломмен бітіріп шығады. Жас маман еңбек жолын 2006 жылы Қылмыстық–атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде қаржымен қамтамасыз ету тобында техник- есепші болып бастайды. Тергеу изоляторында 15 жыл жауапты салада қызметкерлердің айлығы мен шаруашылық бөлімінде қалдырылған сотталғандардың жалақыларын уақытылы аударылуы, олардың атқару парақтарының өндірілуін қадағалап, сотталған азаматтарды да жеке сұрақтармен қабылдау жұмыстарын жүргізген. Айна Шапайқызының айтуынша өз қызметіне адалдығы ата-анамның берген тәрбиесінен дейді. Анам ешкімнің ала жібін аттамауды, әдепті, ибалы болуды, адал еңбектің наны тәтті болатындығын ақылмен айтып түсіндіретін.

Менің есепші болғанымды анам қалады. Отбасымызда 4 қызбыз. Төртеумізде әр салада жұмыс жасаймыз. Екі апам әнші, бір апам тігінші, мен есепшімін. Темірдей тәртіпті талап ететін салада қызмет етіп жүргенімді мақтан етемін. Алғашқы атағым сержант шенін 2010 жылы алдым. Әр жұмыстың өз қиындығы бар. 2022 жылдан бері ҚАЖ департаментінде қаржымен қамтамасыз ету тобының бас маманымын. ҚАЖ департаменті мен мекемелерге бөлінген қаражаттың жүйелі жұмсалуын қадағалап, мекемедегі есепшілерге бағыт бағдар беріп, қызметкерлердің жалақыларын есептеп уақытылы аударылуын қамтамасыз етемін. Сонымен қоса жылына екі рет ҚАЖ комитетіне барып, қаржы есептілігін қорғау жұмыстарын жасаймын. Бос уақытымды отбасыма арнаймын. Жолдасым Арман да жұмысыма түсіністікпен қарап, қолдап отырады. Қолым қалт еткенде балаларыма тәттілер пісіріп беремін. Үлкенім Асылмұрат 15-те, қызымдарым Аяулым13-те, Арайлым 7жаста. Менің жұмыс бабындағы абыройым отбасымның тілеуінде деп білемін», – дейді Айна Шапайқызы.
Айна Шапайқызы ҚАЖ департаменті тарапынан ұйымдастырылған іс –шараларға да белсене қатысады. Оның бір дәлелі 2014 жылы Облыстық ҚАЖ аруы байқауына тергеу изоляторы атынан қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Бұл дегеніміз өз қызметіне адалдығын, жауапкершілігі мол екендігін көрсетеді.

Өз қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген әділет лейтенанты Айна Шапайқызы Қылмыстық атқару комитеті мен ҚАЖ департаменті тарапынан бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.

Көркем мінезімен ұжым мен жақындарына сыйлы Айнаның алар асуы, бағындырар биігі әлі алда екеніне сенеміз.

Алименты – законное право ребенка

Вопрос о взыскании алиментов (алиментных отношений членов семьи (алиментных...

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт...

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...