8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен мерекелік салтанатты шара өтті. ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы мерекелік іс-шараны ашып, қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып жүрген нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтады. Қылмыстық-атқару жүйесінің әйел ардагерлері мен қызметкерлерін мерекемен құттықтап, отбасыларына бақыт, қызметтеріне толағай табыс тілеп, шын жүректен алғысын білдірді. Қылмыстық атқару жүйесінің дамуында баршаңыздың еселі еңбектеріңіз бен қажырлы қайраттарыңыз бар. Отбасымен қатар қоғамның дамуына үлес қосып келесіздер. Ұлтымыздың ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп жүргендеріңіз үшін әйелдер қауымына алғыс айтамын»- деді департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы.Мерекелік шарада Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Саденовтың құттықтау жеделхаты оқылып, қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерге ҚР ІІМ-нің бұйрығымен, Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаттары мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының бұйрығына сай марапаттар табысталды. Атап айтар болсақ, ҚР ІІМ-нің бұйрығымен «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен ҚАЖ департаментінің арнайы есепке алу тобының бас маманы әділет подполковнигі Әбдиева Шырынкүл Қалиқызы, ҚР ІІМ-нің Құрмет Грамотасымен ҚАЖ департаментінің қаржымен қамтамасыз ету тобының бас маманы әділет лейтенанты Бисекенова Айна Шапайқызы, ҚР ІІМ-нің грамотасымен штаб тобының бас маманы әділет майоры Даутбаева Эльвира Пазылқызы және ҚР ІІМ-нің алғыс хатымен құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы Бағланқызы Ғазиза марапатталса, 51 қызметкерге ҚАЖД бастығының бұйрығымен грамота мен алғысхат табысталды.Сондай-ақ шарада Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлер ұйымының төрағасы Ахметов Талғат Шәкіұлы да сөз алып, сала ардагерлерін, қызметкерлерді мерекемен құттықтап, ардагерлер ұйымының алғыс хаттарын табыстады.


