Алматыда фристайлдан «Әлем кубогы» басталды

Алматыдағы Шымбұлақ тау курортында фристайлдың могул, паралель могул және шаңғы акробатикасы бағыттары бойынша Әлем кубогы өтіп жатыр. Оған әлемнің 30 елден  150 спортшы қатысуда. ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының бас хатшысы Асқар Валиевтің айтуынша, бұл параллель могул мен акробатикадан Әлем кубогының ақтық кезеңі болып есептеледі. Ал  могульдан Әлем кубогының ақтық кезеңі Италияда түйінделмек.  Биылғы Әлем кубогының ақтық кезеңіндегі баста жаңалық төреліктің цифрландырылуы, яғни онда төрешілер спортшылардың көрсеткен өнерін онлайн бағалайтын болады.

– Шымбұлақ тау курортында фристайлдан Әлем кубогының кезеңдік жарыстары биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр.  Мәселен, 2019 жылы мұнда фристайлдың могул бағыты бойынша өткен жарыста отандасымыз Юлия Галышева алтын медальға  ие болды. 2020 жылы паралеллель могул мен акробатика бағыттары бойынша өткізілді. Онда Жанбота Алдабергенова акробатика,  Дмитрий Рейхерд  могул бойынша 4-ші орыннан көрінді. 2021 жылы  Әлем чемпионаты және паралеллель могул мен акробатикадан Әлем кубогының кезеңдік жарыстары өтті. Онда  могулдан Юлия Галышева күміс, Павел Колмаков пен Анасия Городко  қола  жүлдегер атанды. Ал Жанбота Алдаберенова акробатикадан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін иеленді. 2023 жылы Павел Колмаков могулдан Әлем  кубогының кезеңдік жарысының күміс медалын еншіледі. Онда паралеллель могул мен акробатикадан спортшыларымыз үздік нәтиже көрсете алмады. Шымбұлақтың 70 жылдығымен тұспа-тұс келген биылғы дода  параллель могул мен акробатикаданн Әлем кубогының ақтық кезеңі болғандықтан онда  ең үздік спортшыларға Халықаралық шаңғы спорты федерациясының «Хрусталь глобустары» табысталатын болады,  – деді Шымбұлақ тау курортының бас директоры Ринат Абдрахманов.

Могулдан ұлттық құраманың бас бапкері Елена Круглыхинаның пайымдауынша, фристайлдың үш бағыты бойынша өтетін биылғы Әлем кубогына спортшыларымыз жоғары дайындықпен келіп отыр. Құрамы бір ай бұрын Кореяда жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада ойындарының қатысушыларымен толықтырылаған  команда жүлдегерлер қатарынан көрінуге үмітті. Өйткені Қазақстан фристайлдан әлемнің ең үздік командаларының қатарында тұр. Жарыс бағдарламасы бойынша 8 наурыздан могулдан, 9 наурызда паралелль могулдан, 10 наурызда  акробатикадан жеңімпаздардың есімдері анықталады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...

Тілге құрмет – елге құрмет

Біздің  тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл...

ӘРПК: Азамат құқығын қорғаудағы жаңа кезең

Қазақстанда құқықтық реформалардың маңызды бағыттарының бірі — азаматтардың құқықтары...