Алматы қаласының ҚАЖ мекемелерінің медициналық мәселелері талқыланды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде Алматы қаласының мекемелеріндегі
сотталғандарды және тергеудегілердің медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Ерлан Узаковтың төрағалығымен өткізілді. Мәселелерді талқылауға Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары, №24 қалалық емхана басшысы мен №11, 13 және №72 мекеме бастықтары, ҚАЖД санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тобының санитарлық дәрігері және жауапты қызметкерлер қатысты.

Бұл кеңесте сотталғандарға медициналық көмекті сапалы және уақытылы ұйымдастыру шаралары бойынша, сонымен қатар мекемелерде АИТВ жұқпалы аурулардың алдын-алуы бойынша бірқатар шешімдер кешені қабылданды.

По следам истины

ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПО ДЕЛУ НУРАЙ СЕРИКБАЙ ОКАЗАЛОСЬ НЕ О...

8 августа — Международный день офтальмологии: своевременная диагностика помогает сохранить зрение

8 августа отмечается Международный день офтальмологии. Эта дата призвана...