12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елімізде жаңа мораторий енгізілуі мүмкін

Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдарына екі жылдық мораторий енгізу жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, мораторий 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болады.

«Біріншіден, екі жылға, яғни 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін мораторий енгізіледі. Мораторий — проблемалық тұтынушылық несиелерді коллекторларға сатуға толық тыйым салу. Екіншіден, егер 90 күн мерзімі өткен болса, онда мұндай несие бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) коллекторлық агенттіктерге 24 айға қарыздар туралы мәліметтерді беруге немесе сатуға құқығы жоқ деген жаңа талап қосымша енгізілді. Яғни, бұл қосымша», — деді Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында.

Ол егер адам 2025 жылдың желтоқсанында берешегі бар болса, оған жаңа талап қойылатынын түсіндірді — 24 ай ішінде банктер немесе микроқаржы ұйымдары проблемалық борышкермен жұмыс істеуге міндетті.

Мәжілісмен Никита Шаталовтың айтуынша, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы коллекторлық агенттіктердің портфелінде жалпы қарызы 382 миллиард теңге болатын 890 мың қарыз алушы бар.

Түзету несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасына енгізілді. Мәжілісмендер құжатты бірінші оқылымда қабылдады.

Рост цен – под контролем?

В ПРАВИТЕЛЬСТВЕ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ИНФЛЯЦИИ ЗА ПЕРВОЕ ПОЛУГОДИЕ 2025 ГОДА. КАБМИН ПРЕДПРИНИМАЕТ МЕРЫ ДЛЯ СДЕРЖИВАНИЯ ЦЕН И СМЯГЧЕНИЯ ТАРИФНОЙ НАГРУЗКИ.

Ұлт мүддесін емес, ата-бабасын дəріптеуге ұмтылатындар бар

2021 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді. Онда Президент халқымыздың тарихи санасын жаңғырту айрықша маңызды екеніне ерекше назар аударды.

АЙЛЫҚТЫҢ АЗДЫҒЫНАН КӘСІБИ МАМАНДАР СОТ САЛАСЫНАН КЕТУГЕ МӘЖБҮР

Сот жүйесі қоғамдағы əділеттілікті қамтамасыз ету міндеті жүктелген маңызды институт. Бұл жүйенің тиімді жұмыс істеуі қоғамның құқықтық мəдениетін, заңға деген сенімін жəне құқықтық тəртіптің нығаюын қамтамасыз етуге негіз болады. Дегенмен, сот жүйесі алдында бірқатар шешімін таппаған мəселелер тұр, олардың ішінде тіл мəселесі, аудармашылардың тапшылығы, сот қызметкерлерінің əлеуметтік жағдайына қатысты сұрақ көп.

Елімізде 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Қазақстанда 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

eGov толығымен жаңартылады. Не өзгереді?

Қазақстан eGov.kz-тің жаңа моделіне көшеді. Жаңа нұсқа туралы мәліметтерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынды.