Сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Жуырда Келес ауданы прокурорының өкіміне сай пробация және жергілікті полиция қызметкерлерінің есебінде тұратындарды қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында жұмысшы топ құрылып, атқарылатын жұмыс жоспары бекітілген болатын. Жұмыс жоспарына сай «Спорт бізді біріктіреді» атты тақырыбында волейболдан жарыс өтті.
Келес аудандық пробация қызметі мен аудандық спорт бөлімінің ұйымдастырумен өткен спорттық шараға 29-35 жас аралығындағы сотталған азаматтар қатысты.
Аталған турнирге жалпы 10 команда қатысып, бақ сынады. Шағын волейболдан әр жасақтан бір-бір команда жасақталып, жарыс көркін қыздырды.
Бұл шараның мақсаты – қоғамдық оқшалау орталығынан шыққан соттталғандардың қоғамға бейімделуін және өмірге деген көзқарасын өзгерту. Аталған жарыстың бұрынғы жарыстан ерекшілігі, пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында салауатты өмір салтын ұстанып, өмірдің дұрыс бағытын таңдауға сотталғандардың арасында спортқа деген қызығушылықты жоғарлату, сотталғандар тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында өткізілді.
Турнир барысында командалар пробпуия есебінде тұрған сотталғандардан құрылған «Сұңқар» командасы ІІ-ші орынды иеленді.
– Аудандық пробация қызметі сотталған жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңестер беру, жастардың жасаған қылмыстарын қайталамауына септігін тигізу мақсатында көптеген салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени, психологиялық және де тағы да басқа шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып отырамыз. Пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, әлеуметтік көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырып жатырмыз, – деді Келес аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев.
Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған арасында мұндай спорттық шара жиі ұйымдастырылып тұрады. Мұндай шара сотталғандардың уақытын тиімді пайдалануына септігін тигізеді.

Мен волейбол ойнағанды ұнатамын. Аталған турнир әділ әрі қызықты өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері әртүрлі спорттық, психологиялық және тағы да басқа шараларға қатыстырады. Осындай шаралардан көптеген жақсы дүниелер үйрендім. Өзімнің жасаған қателігім үшін өкінемін. Болашақта, ондай қателікке жол бермеуге тырысамын. Жақсы маман иесі болуды армандаймын, — деді сотталған Бағжан.

Региональный кадровый резерв города Алматы: путь к профессиональному успеху

Момент зачисления в резерв: что изменилось в вашем восприятии...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын...

В Алматы стартовала Спартакиада среди государственных служащих

20 июня 2026 года в Алматы стартовала традиционная спартакиада...

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...