Ағымдағы жылдың ақпан айында Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде теологиялық және психологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында, “Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы” қоғамдық қорының психолог маманы Г.Кубышеваның ұйымдастыруымен “Дау-дамайдың дамуы және олардан шығу жолдары” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Шараға түзеу мекемесінде діни экстремизм және терроризм бабымен жазасын өтеушілер қатысты. Мақсаты — коммуникативтік дағдыларын жетілдіру, кикілжің және оны шешу жолдарын қарастыру, дау-дамай кезінде достасу тәсілдерін бойға қалыптастыру. Бағдарлама бойынша қатысушылар екі топқа бөлініп, “Тыйым салынған цифр”, “Даулы жағдай”, “Пирамида”, “Комплимент” және “Рефлексия” жаттығуларын жасап, тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.


