12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекетік қызметшіге үстемақы бекітілді

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Мемлекет басшысы халыққа қызмет етуге бағытталған кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ерекше назар аударады. Қазіргі кезеңде мемлекеттік аппараттың алдында жоғары тиімді, мобильді, азаматтарға бағытталған және үнемі жетілдіріліп отыратын ұйымға айналу қажеттілігі тұр. Мемлекеттік қызметтің негізгі капиталы — онда жұмыс істейтін адамдар.

Жоғары кәсіби қызметкерлер өздерінің ұзақ мерзімді мансаптарын мемлекеттік аппаратпен байланыстыру үшін мемлекеттік қызмет тартымды жұмыс орнына айналуына қажет.

Айтылған мақсатқа қол жеткізу құралдарының бірі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада мемлекеттік қызметшілердің еңбек, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік құқықтары туралы көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік бақылау салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық органы болып табылады.

Департаент туралы Ержеге сәйкес, Департамент  мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаралуға міндетті ұсынулар енгізеді.

Бұдан бөлек, Департамент мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы бұзу мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды.

2023 жылдың желтоқсан айында Департаментке, Алматы қаласының бір мемлекеттік органының қызметкері өзінің атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай, бірінші басшының бұйрығымен басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері қосымша ақы белгіленбей уақытша жүктелгенімен келіспей шағымданған болатын.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 38-бабы 1 тармағына сәйкес, қызметтік қажеттілікке байланысты мемлекеттік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай, басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі мүмкінгі көрсетілген.

Алайда, аталған Заңның 38-бабының 2 тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымдарды уақытша қоса атқарғаны және уақытша болмаған мемлекеттік қызметшінің міндеттерін атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша ақы белгілену қажет.

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде шағымданған мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 38-бабына қайшы басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі үшін тиісті ақы белгіленбегендігі анықталды.

Департаментпен енгізіліген ұсыным нәтижесінде мемлекетік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі үшін тиісті ақы белгіленген болатын.

Бұл ретте, Департамент, оқырмандарға мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы бұзу, қызметтік әдепті сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдарына шағымдану құқықтарын түсіндіреміз.

Департамент алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысты жалғастырады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы

Н.Б. Узбеханов

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...