Атырау облыстық сотының судьясы құрметті демалысқа шықты

Бүгін әріптестері Атырау облыстық сотының судьясы Нағашыбаев Мирамбек Ибрагимұлын құрметті демалысқа шығарып салды.

Іс-шараға Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов, алқа төрағалары мен облыстық сот судьялары, Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшылығы қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпандағы Жарлығына сәйкес Атырау облыстық сотының судьясы Мирамбек Нағашыбаев құрметті демалысқа шығуына байланысты қызметінен босатылды.

Мухтар Парменов сот корпусы атынан Мирамбек Нағашыбаевқа сот жүйесіндегі ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, оған мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке тіледі.

Мирамбек Нағашыбаев өз еңбек жолын Алматы қаласының тұрғын үй шаруашылығы трестінің заңгері болып бастап, кейін Алматы қаласының Әуезов аудандық сот учаскесінің сот орындаушысы боп қызмет еткен. Батыс Қазақстан облысында судьялық лауазымдарда қызмет етіп, Атырау қаласының №2 сотын басқарды.

2022 жылы Атырау облыстық сотының судьясы лауазымына тағайындалып, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы болып қызмет етті. Судья Мирамбек Нағашыбаевтың жалпы еңбек өтілі 45 жылды құрайды, оның 21 жылында судьялық лауазымда болған.

Ол соттың қоғамдық өміріне белсене араласып, ұзақ жылдар бойы Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы болды.

Сондай-ақ, әріптестері де М.Нағашыбаевқа өздерінің жылы лебіздері мен алғыс тілектерін білдірді.

Іс-шара соңында Мирамбек Нағашыбаев әріптестеріне ұзақ жыл бірге жемісті жұмыс атқарғандары үшін алғыс айтып, жылы тілек-лебіздер үшін ризашылығын білдірді.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...