Қылмыстық заңнама өзгерісті қажет етеді

Қазіргі таңда қылмыстық теріс қылыққа қатысты істі қабылдағаннан кейін оны қарауда судьяның іс-әрекетін заңмен реттеуді қажет ететін мәселелер жоқ емес бар. Оны осы тақырыпқа орай өрбіп жатқан түрлі пікірлер мен ұсыныстар байқатады. Соған сәйкес, бұл мәселеге үн қосуды жөн көріп отырмыз.   

Қылмыстық процестік кодекстің 314, 316, 320 және 326-баптарында  соттылықты тексеру мен қылмыстық істі тиісті сотқа жолдау нормалары нақтыланған. Бірақ, қылмыстық теріс қылықтарға қатысты істерді қарау тәртібін реттейтін 529-бапқа сәйкес, судья істі қарауға қабылдасымен оны  қарауға тікелей кіріседі. Яғни, судьяның жеке дайындық кезеңі, іс бойынша іс жүргізу басталғанға дейінгі судьяның өкілеттіктері, т.б. нақты реттелмеген. Арнайы реттеудің болмауы аталған кодекстің ережелерін біркелкі емес қолдануға әкеп соғады.

Қылмыстық теріс қылықтарға қатысты істерде кейде аумақтық соттылық ережелері, сондай-ақ, мамандандырылған соттардың соттылығын реттейтін қағидалар сақталмай соттардың қарауына беріліп жатады. Мысалы, аудандық және оларға теңестірілген соттар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты істерді қабылдайды,  мұндай істер негізінен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығына жатады.

Қылмыстық істі оны қарауға құзыреті жоқ соттың қарауы жеке тұлғаның сот арқылы қорғалу құқығын бұзады. Сондықтан, кәмелеттік жасқа  толмағандарға қатысты істерде юрисдикция ережелерін сақтау ерекше маңызға ие. Сот істің өз құзыретіне жатпайтынын анықтаған жағдайда, оны тиісті сотқа жолдауы қажет. Бұл қағидат Қылмыстық процестік кодекстің 316-бабымен бекітілген.

Жоғарыда айтып өткендей, Қылмыстық процестік кодекстің 529-бабында қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері белгіленген. Осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес, іс сотқа келіп түскеннен кейін судья істі іс жүргізуге қабылдап және қылмыстық теріс қылық туралы істі қарауға кірісіп, істі кімнің қарайтынын, қай істің қаралуға жататынын, кімнің және Қылмыстық кодекстің қай бабының негізінде жауаптылыққа тартылатынын жариялайды.

Шын мәнінде бұл баптың бірінші бөлігінің бірінші тармақшасына өзгеріс керектігін уақыттың өзі талап етіп отыр. Сондықтан, судьялар айтып отырған мәселеге айрықша көңіл бөліп, «Қылмыстық теріс қылыққа қатысты іс келіп түскен кезде және оны қарау басталғанға дейін судья аталған істің осы соттың соттылығына жататын-жатпайтынын тексеруге тиіс» деп өзгертілуін ұсынуда.

Іс белгілі бір соттың құзыретіне жатпаған кезде судья оныі тиісті құзыреті бар сотқа беру туралы қаулы шығарады. Тағы бір сондай ұсыныстың бірі Қылмыстық процестік кодексті 528-1-бабымен, яғни, қылмыстық теріс қылыққа қатысты іс бойынша судьяның әрекеттерімен толықтыру. Мысалы, қылмыстық теріс қылыққа қатысты істерде судья алдымен істің осы соттың соттылығына жататын-жатпайтынын, сондай-ақ, қылмыстық теріс қылыққа қатысты хаттаманың 527-баптың талаптарына сәйкес келу-келмеуін, істі прокурорға қайтаруға, не іс жүргізуді тоқтатуға немесе тоқтата тұруға негіздердің бар-жоғын, айыпталушыға қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманың көшірмесі табысталған-табысталмағанын тексеруі тиіс.

 Қарау нәтижелері бойынша судья істі өндіріске қабылдау және оны сот талқылауына тағайындау, істі тиісті соттылығы бар сотқа беру, осы кодексте көзделген жағдайларда істі прокурорға қайтару немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтату, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Істі бірден қарап кетуден көрі осы жайттарды алдын ала анықтап алғанның маңызы зор.

Шешім іс сотқа келіп түскен күннен бастап үш күн ішінде  уәжді қаулы нысанында шығарылады. Ал 529-баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда тиісті шешім дереу шығарылады.

Қозғап отырған тақырып алдағы уақытта жан-жақты қарастырылып, заң жүзінде реттелеріне бек сенімдіміз.

Ботагөз Мейрамова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...