12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Электронды құжат ашықтықты қамтамасыз етуде

Қазақстанның сот жүйесі заман талабына сай дамып, қолға алынған  сот-құқықтық реформалар сала жұмысын жаңа белестерге көтеруде. Бұл ретте, яғни, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуде, сондай-ақ, сала жұмысын оңтайландыруда заманауи технологиялардың маңызы зор. Қазіргі күні соттарда электронды құжат айналымының толықтай жолға қойылуы халықтың сотқа жүгіну процесін жеңілдетіп қана қоймай, сенімді де нығайтуда.

Азаматтар бүгінде сот ғимаратына келмей-ақ талап арыздарын беріп,  істің қай сатыға келгенін, т.б. өздеріне қажетті мәліметтерді арнайы жүйелер арқылы біле алады. Еліміздің барлық жергілікті және облыстық, оларға теңестірілген соттарының кеңселері «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне» енгізілген.

Сот қызметіндегі «Сот кабинеті», «Төрелік», «Аудио-бейне тіркеу», «Талдау», «Істер санаты бойынша бірыңғай жіктегіш», «Сот құжаттарымен таныстыру», «Е-Өтініш», «Істерді қарау тізімі», т.б. сервистер мен жүйелер жұртшылықтың уақыты мен қаржысын үнемдеп қана қоймай, сот төрелігінің әділдігін қамтамасыз етуде. «Сот кабинеті» сервисі өтініш, арыз, шағым және электронды түрдегі өтінім операцияларын жылдам іске асырады.

Ал «Төрелік» ақпараттық жүйесі сот істері бойынша мәліметтерді автоматты түрде ұсынуда тиімді. Бұған қоса құжаттар мен істердің тіркелуін, қарау, орындау және басқа да процессуалдық, құжаттамалық іс жүргізу мерзімдерінің сақталуын бақылауға және есебін жүргізуге мүмкіндік береді. «Төрелік» пен атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттар нұсқасында атқару парақтарын орындауға жолдауы және сот орындаушыларының қаулыларын соттардың электронды түрде санкциялауы жолға қойылған. «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жасап, мемлекеттік органдардың жұмысына бағалауға жол ашты. «Е-қылмыстық іс» бағдарламасы қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі мен үкім орындалғанға дейінгі процестің барлық сатысын қамтиды.

Электронды құжат айналымы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің ең тиімді тәсілі саналады. Өйткені, азамат қызметкерді көрмейді, барлығын өзі істейді.  Ақпараттық технологиялар сот отырыстарын қашықтықтан өткізуды қамтамасыз етумен бірге азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге де септігін тигізуде.

Барлық игі іс халық үшін жасалады, сондықтан, ел азаматтары бүгінгі күннің оңтайлы жетістіктерін іс жүзінде пайдаланулары керек. Осы арқылы жұмыстарын жеңілдете алады.

Айгүл Сармаева,

«Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің

Астана қаласы бойынша департаменті»

Құжат айналымы бөлімінің басшысы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...