Мейрамхана тамағынан уланып қалсаңыз, не істеу керек? Заңгер кеңесі

Кейде мейрамхана тамағынан уланып, ауырып қалуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда өз құқығыңызды қалай қорғай аласыз? Бұл сұраққа заңгер Надежда Гельдт жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.

Ең алдымен дәрігерге, содан соң мейрамханаға барыңыз

Маманның айтуынша, бірінші кезекте дәрігерге қаралу керек. Дәрігер сіздің басқа себептерден емес, нақты тамақтан уланғаныңызды растауы керек.

«Содан соң тамағынан уланып қалған мекемеге жазбаша наразылықпен бара аласыз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның 16-бабына сәйкес, сіз тұтынушы ретінде денсаулығыңызға келтірілген залалы өтетуге құқығыңыз бар, мысалы, ол медициналық тексеріс пен медикаментозды емнің сомасы», — дейді заңгер.

Топтық улану болғанын анықтаңыз

Санитарлық қызметтер бір улану факті бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізбейді. Алайда егер топтық улану болса, санитарлық қызметке тексеріс жргізуін сұрап өтініш жазуға болады.

Егер мейрамхана әкімшілігі шағымға мән бермесе, не істеу керек?

Егер сотқа дейін реттеуге мекеме әкімшілігі еш әсер бермесе, сотқа беруге болады. Заңгер талапқа сол мекеменің тамағынан соң денсаулығыңызда қандай проблема болғанын және ақшалай өтемақының сомасын көрсетуді ұсынады.

«Талапқа төлемнің чегін және улануды растайтын медициналық қорытындыны бірге беріңіз және сондай-ақ куәгерлерді шақыруды ұсынамын», — дейді заңгер.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...