Дәрігерлер денесінің 85%-ын термиялық күйік шалған баланы аман алып қалды

Өткен жылдың желтоқсан айында Үштөбе қаласындағы үйлердің бірінде жылу жүйесінің жарылуы салдарынан 2017 және 2021 жылы туған екі бала термиялық күйік пен жарақат алып, Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда түскен болатын. Дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен медициналық көмегінің арқасында екі бала да аман қалды. Оларға медициналық авиация желісі бойынша көмек көрсетілді және балалар реанимация бөлімшесі жағдайында қарқынды медициналық көмек пен ем алды.
-Дененің 85% термиялық күйік алған бала реанимация бөлімінде бақылауда бір ай болды. Оларға жоғарғы технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Бүгін бала үйге аман-есен шығарылды. Оның інісі реанимация бөліміне бет, мойын, кеуде қуысының алдыңғы жағы, екі жоғарғы аяқ-қол аймағында, дененің алдыңғы қабырғасында, төменгі екі аяқтағы күйікпен түскен болатын. Сәтті емдеуден кейін 12 қаңтарда ауруханадан шығарылды, — деді балалар хирургі Даурен Тасболатов.
Даурен Азизбекұлының айтуынша, дененің 40 пайыздан астамы күйік алған жағдайларда өте ауыр жарақат болып табылады. Бұл жағдайда балаларда дененің зақымдануының 80% — дан астамы болады. Талдықорған қаласының реаниматолог, травматолог және хирург дәрігерлердің кәсіби және жанқиярлық әрекеттерінің арқасында ғана балаларда аса ауыр асқынуларды болдырмай, зақымдалған аяқ-қолдардың функцияларын толығымен қалпына келтіре отырып құтқарды. Бүгінде кішкентай пациенттердің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...