12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Құтқарушылардың кәсіби әрекеті күнделікті тәжірибесінде экстремалды жағдайлармен байланысты. Құтқарушылардың жоғары кәсіби дағдысымен және дайындығымен қатар, психологиялық дайындық деңгейіне жоғары талап қойылады.

Әрбір адам ерекше жағдайларда ережеге сай психологиялық және эмоционалдық қысымды сезінеді. Кейбіреулерінде өмірлік ішкі ресурстар мобилизациясымен, екіншілерінде жұмысқа деген қабілеттілігінің төмендеуімен, денсаулығының күрт төмендеуімен, стрестік құбылыстармен көрініс табады. Ол адам ағзасының жеке ерекшеліктеріне, еңбек шарттары мен тәрбиесіне, болып жатқан жайттар туралы және қауіптің деңгейін сезінумен байланысты болып келеді.

Қорқыныштан шығу үшін жеке жауапкершілікті сезіну, орындап жатқан жұмыстың мән-мағынасын түсіну үлкен роль атқарады. Психологиялық тұрғыда дайын емес адамдарда қорқыныш сезімі және қауіпті жерден қашып кетуге тырысу, басқа адамдарда психологиялық шокке ұласады. Бұл сәтте қалыпты ойлау процесі бұзылып, сезімдер мен ерік-жәгер толықтай жоғалады. Бұл жағдайда  нервтік процестер әртүрлі көрініс табады.

Құтқарушылардың жұмысында моральді және психикалық күй басты роль атқарады. Бұл құтқарушының кез келген жағдайда саналы, сенімді әрекеттерге дайындығын анықтайды. Құтқару жұмыстары кезінде зардап шегушілерді психологиялық тұрғыда айықтыру қажет. Ауыр психикалық жарақат алған адамды топпен бірге физикалық күш жұмыстарға еліктіріп жан тыныштығын қайта қалыптастыруға болады.

Төтенше жағдайлардың жағымсыз әсерлерін төмендету үшін құтқарушылардың төтенше жағдайларға үнемі дайындығы қажет, сонымен қатар психикалық тұрақтылық пен ерік-жігер тәрбиесін қалыптастыру қажет.

Құтқарушыны даярлау кезінде жан-жақты қабілеттілігі бар әмбебап маманды дамыту қажет.

Шартты түрде құтқарушылардың психологиялық дайындығын 3 түрге бөлуге болады: жалпы, арнайы және мақсатқа бағытталған. Жалпы дайындық үнемі профилактикалық білімдер мен дағдыларды талап етеді. Қорқыныш, стрестер, үреймен күресу кезінде мынандай ереже бар: емдеуден гөрі алдын алу тиімді.

Құтқарушылардың арнайы психологиялық дайындығы арнайы жаттығуларды орындау процесінде, қиын жағдайларда оқу-жаттығулар өткізу кезінде құтқарушының өз әрекетінің дұрыстығына сенімділік, тұрақтылық пен физикалық төзімділікті қалыптастырады.

Психологиялық дайындықтың негізгі мазмұны — басқару органдары мен барлық дәрежедегі командирлер іс- әрекеті болып табылады. Ол психикалық белсенділікті жоғарылату және жеке құрамның жұмысқа қабілеттілігі, адамның бейімделу мүмкіндігін жоғарылатуға бағытталған.

Бұндай дайындық мыналарды қарастырады:

  • командирдің мінсіз, сенімді әрекеттері, қажетті талаптарды ұстануыжеке үлгі болып табылады;
  • бағыныштылардың қауіп пен қауіпсіздік шараларын ұстануды адекватты қабылдауға тәрбиелеу;
  • қатал кәсіби іріктеу;
  • әртүрлі экстремалды жағдайларда құтқару жұмыстарына өзін бағыттау және өз-өзін сендіру.

Құтқарушылардың психологиялық дайындығының келесі қасиеттерді қалыптастыруы керек:

  • жоғары эмоционалды тұрақтылық, белсенділік, өмірге деген шынайы қарым-қатынас, жағымсыз шарттарға бейімделу қабілеттілігі, өзге адамдарға көмек көрсету мотивациясы;
  • бір іс-әрекеттен екінші бір іс-әрекетке абыржып қалмай тез ауыса білу қабілеттілігі;
  • қорқыныш пен мазасыздық сезімдерінен қаша білу қабілеттілігі;
  • психологиялық үйлесімділік, ұжым ішіндегі іс-шараларға белсене қатысу.

Осылайша, құтқарушының психологиялық дайындығы ең басты факторлардың бірі екендігін есте сақтау қажет. Болар болмас қорқыныштың туындауы ауыр хәлге ұшыратады. Ең бірінші құтқару жұмыстары кезінде төзімділік пен тәртіп танытып тезарада шешім қабылдайтын атқарушы тұлғаларға байланысты.   

Қолданылған әдебиеттер:

Психологическая подготовка спасателей: Учебное пособие для спасателей студенческих спасательных отрядов/Под ред. М.Г. Ковтунович. – М., 2007.

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда бойынша филиалының психологы Ж.Досаева

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...