ШҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бүгінгі таңда пробация қызметі бөлімінде қоғамнан оқшаулаға байланысты емес жазаға тартылған, сотты болған 1300-ден астам адам есепте тұр.
Жәрмеңке барысында есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарға бос жұмыс орындары қарастырылып, көмек көрсетілді.
Пробация қызметі сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жергілікті атқарушы органдар, жеке кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жасап көптеген іс-шаралар өткізеді.
- Сотталғандарды түзеудің негізгі жолдарының бірі – ол жұмыспен қамту. Еңбек – сотталғандарды тәрбиелеудің, қоғамға әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін маңызды әдіс. Өйткені еңбекпен қамтылмаған адамның қылмысқа баруы оп-оңай. Сондықтан ең алдымен сотталғанды жұмыспен қамту жағын ойластырған жөн,- деді облыстық пробация қызметінің басшысы әділет майоры Жанболат Кенесханов.


