spot_img
spot_img

Заң бәріне ортақ

Ел басылымы «Егемен Қазақстанға» Мемлкет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сұхбат беріп, былтырғы жылдың басты оқиғаларын айтып, биылғы жылы атқарылуы тиіс басты межелерге тоқталған екен. Бұл халық күткен сұхбат. Себебі, Қазақстан халқының бағдар етері – Президент сөзі. Мемлекет басшысының атқарылған жұмысты жүйелеп, жетістік пен кемшілікті көрсетуі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен толық сәйкесіп отыр.

Бас басылымға берілген сұхбатта жылдың айтулы оқиғалары, қолға алынған жаңа бастамалардың нәтижесі, қабылданған заңдар мен құқықтық құжаттардың маңызы, елдің экономикалық, әлеуметтік ахуалы жан-жақты таразы басына салынған. Соның ішінде былтырғы жыл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қолға алынған айтулы шаралар, пәрменді заңдардың қабылдануымен ерекшеленеді. Осы іргелі істердің басында Конституциялық Соттың орны бөлек.

Былтырғы жыл Конституциялық Соттың қызметке кірісуімен есте қалды. Бұл сот шын мәнінде халықтың өз құқығының қорғалатынына деген сенімін нығайтты. Осы мүмкіндікті пайдаланып былтырғы бір жылдың өзінде Конституциялық Сотқа жүгінушілер қатары көп болған. Әрине, құзырлы органға жолданған шағымдардың барлығы заңдардағы Конституцияға қайшы тетіктерді көрсетіп бермегені түсінікті. Зңдағы түсініксіздік, құқықтық нормаларға сәйкессіздік деректері бойынша Конституциялық Сот былтыр біраз жұмыстар атқарған. Бірақ, статистика көрсеткендей, жолданған шағымдардың көбі сот шешімдеріне қарсылық, өз құқығын қорғаумен байланысты болып отыр. Мұның да құқық құрылымдары үшін пайдасы бар. Себебі, осы арыз-шағымдарды негіз ете отырып кейбір құзырлы органдар жұмысын жүйелеуге, сапаны көтеруге, кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туындайды. Осы ретте Президенттің «Біреулерге Конституциялық Кеңестің аты ғана өзгергендей көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, оның заты түбегейлі өзгерді. Конституциялық Сот шешімдерінің күшін ешкім жоя алмайды. Оның шешімдеріне, соның ішінде азаматтардың конституциялық құқықтарына қатысты байламдарына күмән келтіруге, Президенттің де еш қақы жоқ» деуі Конституциялық Соттың қоғамдағы биік орнын, беделін көрсетсе керек.

Сонымен бірге, былтырғы жыл қазақстандық сот үшін де нәтижелі, жемісті болды. Себебі реформалардың нәтижесінде адам құқықтарын қорғау жүйесі нығая түсті. Заңдарға қазылардың тәуелсіздігін күшейтетін түзетулер енгізілді. Алқа билердің қарауына жататын істердің аясы кеңейді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты толық жұмыс істеп тұр. Оған конституциялық мәртебе берілді.

           Сұхбатта Президенттің айтқан: «Мемлекеттің басты міндетінің бірі – заңның мүлтіксіз орындалуын, тәртіптің қатаң сақталуын толық қамтамасыз ету. Сондықтан заң бұзған кез келген адам жауапқа тартылады. Ал заң мен тәртіпті сақтау мәселесіне азаматтардың идеологиялық ұстанымы мен саяси көзқарасының еш қатысы жоқ. Заң бәріне ортақ» деген сөзі біздің келер бағытымыздың темірқазығы іспеттес.

           Иә, мемлекет басшысы атап өткендей былтырғы жылы сот жұмысының сапасын арттырып, судья тәуелсіздігін нығайту, мәртебесін көтеру бойынша іргелі өзгерістер қолға алынды. Ендігі міндет – мықты заң, мемлекеттің биік  талабын ескере отырып, халыққа мінсіз қызмет ету, заң алдында да, сот алаңында да барлығын тең екеніне көпшіліктің көзін жеткізу.

Э.Акбаев, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы

Проект Конституции: попытка переосмысления основ государства

На официальном портале государственных органов опубликован проект Конституции Республики...

Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды

Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінің кәмелетке толмаған оқушысына қатысты...

Продажа земли иностранцам: в Казахстане опровергли фейк о проекте новой Конституции

Центром по борьбе с дезинформацией фиксируется распространение ложной информации...

Қазақстанда шетелдіктерге жер сату туралы жалған ақпарат ресми түрде жоққа шығарылды

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы...

Жаңа Конституциясы жобасы — еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға бағытталған

Жаңа Конституция жобасы – Қазақстанның құқықтық дамуының жаңа белесін...