Тергеу мекемесінде жазасын өтеушілерді жеке сұрақтарымен қабылдады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде айыпталушылар мен сотталған азаматтар арасында департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Накенов жеке сұрақтары бойынша қабылдау жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-тармағы бойынша тергеуде жатқан «А» есімді азамат пен ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-тармағы бойынша тергеуде жатқан «Ә» есімді азаматша және ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы бойынша сотталған үш жазасын өтеушілерді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Накенов пен САӘПТТЖБ-ның бастығы әділет подполковнигі С.Сейдахметов және де мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А.Әмірбек, әділет полковнигі Д.Зиябеков, әділет майоры Р.Тлеумұратов сынды басшылық құрам айыпталушылар мен сотталған азаматшаның көкейінде жүрген жеке сауалдарына жеке қабылдау отырып, өз жауаптарын берді. Сонымен қатар, айыпталушы мен сотталғандар арасында әйелдер жататын бес қапасқа кіріп, қажетті сауалдарына басшылық тараптан жауап беріліп, камералардың жағдайын тексерді.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...